Алматы қаласында «Қосымша білім беру саласын жаңғырту арқылы

Жариялау күні: 25.07.2017

EduTech

Программа РУМЦДО + каз

Разнарядка на пленарку

Приказ МОН РК 347 на каз.










Алматы қаласында «Қосымша білім беру саласын жаңғырту арқылы

 білім алушылардың қоғамдық санасын қалыптастыру» білім беру ұйымдар қызметкерлерінің Республикалық тамыз

педагогикалық кеңесі секциясы өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білім берудің үлесі» Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Қосымша білім беру саласын жаңғырту арқылы білім алушылардың қоғамдық санасын қалыптастыру» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің секциясын өткізеді.  

Секцияны өткізу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген мемлекеттік бастамаларды іске асыруға бағытталған қосымша білім беру жүйесінің қызметі және оны әрі қарай дамыту келешегін талқылау жоспарлануда. 

Секция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым,  Мәдениет және спорт, Дін істері және азаматтық қоғам, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің, қосымша білім беру ұйымдарыныңөкілдері қатысады.

Қосымша білім беру жүйесін сақтау және жаңғырту сұрақтары бойынша тиімді диалог және мемлекетпен, қоғаммен және кәсіби бірлестіктермен  қарым-қатынас үшін ашық алаң құру секцияның мақсаты болып табылады.

Бүгінгі күні республикада балаларға қосымша білім беру бойынша қажетті заңнамалық және нормативтік құқықтық база құрылған.

Мектептен тыс қызметті 70 мыңға жуық педагогтер (мектептен тыс ұйымдарда 19 мың және мектептерде 50 мыңнан астам педагогтер) қамтамасыз етеді. 1285 мектептен тыс ұйымдар (32,5%), 52 мыңнан астам мектеп үйірмелері (33,3%) қызмет атқарады. Балалардың жалпы қамтылуы 65,8%-ды құрайды.

Өнер, музыка және көркемөнер мектептерінің 80-нен астам білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңартылды, қосымша білім беру ұйымдары үшін жаңа педагогикалық технологиялар қолданылған 35 бейнесабақ дайындалды, техникалық, туристік-өлкетану, көркем-эстетикалық бағыттар бойынша республикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда, республиканың мектептен тыс 11 ұйымының үздік тәжірибесі жалпыланып енгізілуде.

Секция барысында патриоттық тәрбие беру, балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану, балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы бойынша қосымша білім беру педагогтері жұмысының тиімді тәжірибесі ұсынылатын болады, қосымша білім беру жағдайда ғылыми-адамгершілік құндылықтарды, бала тұлғасының әлеуметтенуін қалыптастыру және басқа да сұрақтар қарастырылады.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінің маңызды аспектілерін талқылау бала құқықтарын қамтамасыз етуге, дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге, әр түрлі қызығушылықтарды қанағаттандыруға, олардың сабақтан тыс қызметінде уәждемелік әлеуеттерін дамытуға бағытталған  басымдықтарды анықтауға көмектеседі.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша қосымша білім берудің алдағы басым бағыттарын, сондай-ақ, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруды анықтайтын қорытынды ұсынымдар әзірленеді.

Өткізу күні мен уақыты: Алматы қаласы, Достық көшесі, 24, Оқушылар сарайы, 2017 жылғы 7-8 тамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондармен хабарласуға болады:

+7 (7172) 249-312; e-mail: irumcdo@mail.ru


«Қазақстанның үшінші жаңғыруы  – білімнің үлесі» білім беру қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясының аясында өткізілетін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің секция жұмысын өткізу туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2015 жылғы 15 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында мектепке дейінгі білім беру саласының педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында секция жұмысы өткізіледі.

Секция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, ЮНИСЕФ-тің, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ-ның, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО-ның, колледждердің оқытушылары, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының басшылары, мамандары, мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, ата-аналар қауымдастығының, баспалардың, БАҚ-тың өкілдері қатысады.

Секция жұмысын өткізу форматы – еркін микрофонның болуын қарастыратын, әрбір қатысушының өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беретін форум.

Секция жұмысы барысында келесі мәселелер талқыланады:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысы;

- «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік-нұсқау хаттың жобасы;

- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың біліктері мен дағдыларын дамытуды бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу және балалардың даму деңгейін бақылау мониторингін автоматтандыру;

- білім беру қызметінің сапасын инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану арқылы арттыру.

«Білім берудің жаңа сапасы – уақыт талабы» тақырыбында көрме ұйымдастырылады, бейнефильм, бейнеролик көрсетіледі.

Секция жұмысына қатысушылар Ақсай қаласының үздік мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысымен танысады.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогтерін марапаттау жоспарланды.

Секция жұмысының қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданады.

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбындағы Педагогикалық қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясы шеңберінде өткізілетін Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің «Білім беру жүйесінде кадрлық қамтамасыз етудің негізгі стратегиялық бағдарлары:жетістіктер мен болашағы» секциялық кеңесінің

ПРЕСС-РЕЛИЗІ

«Білім беру жүйесінде кадрлық қамтамасыз етудің негізгі стратегиялық бағдарлары: жетістіктер мен болашағы»педагогикалық қызметкерлерінің секциялық кеңесі тамыз конференциясы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» шеңберінде ұйымдастырылған.

Қатысу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармаларының  өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  әдістемелік кабинеттерінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалалары мектептерінің директорлары мен директорлардың орынбасарлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының пән мұғалімдері, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының өкілдері шақырылды.

Кәсіпқой маман ретінде тұлғалық даму, өзгеру және өсуге ынталандырылған педагогтер мен мектеп басшыларының біліктілігін жоғары деңгейге жеткізу үшін қазіргі кездегі кадрлық саясаттың стратегиялық нысандары (трендтері) – кәсіби ара-қатынас арқылы ұйымдастырушылық және мазмұнды жағдайларды жасау, жаңа ресурстар мен мүмкіншіліктерді іздеу, кәсіби даму.

Мәжіліс аясында пікірталас алаңдары ұйымдастырылады:

Пікірталас алаңы №1-2. Тиімді көшбасшы-тиімді мектеп: кадрлық қамтамасыз етуді шешудегі ресурстарды пайдалану стратегияларын анықтау.

Пікірталас алаңы  №3. Кадрлық саясат аспектісіндегі көптілді оқыту стратегиясын іске асырудың проблемалары мен тәжірибесі: өзекті диалог.

Сонымен қатар бағдарламада Павлодар облысы білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесін таныстырылымы қарастырылған.       Жалпы, мәжілістің пленарлық бөлімінде және пікірталас алаңдарында, білім беру жүйесінде кадрлық қамтамасыз етілуге қатысты сұрақтардың кең спектрін талқылауы жобаланады, соның ішінде педагогтердің аттестатталуы, үш тілдік білім беру жағдайында жұмыс істеуге мүғалімді дайындау, білім мазмұнының жаңару кезеңінде педагогтердің кәсіби қызметтерінің тиімділігін бағалау, білім мазмұнының жаңару кезеңінде жоо мамандарын дайындау.

Ұйымдастырушы:Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ.

Өткізу уақыты мен күні: 2017 жылғы15 тамыз, сағат 10.00.

Секцияның пленарлық кеңесінің өткізілу орны: Павлодар қ., Достық Үйі,  1 май көшесі, 35/1 үй.

Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің

«Білім – болашақ ел жетістігінің іргелі факторы»

 тақырыбындағы республикалық тамыз педагогикалық кеңесінің

ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Модернизациялық процестерде нақты мақсаттары мен міндеттері және оған қол жеткізу басымдықтары, тәсілдері бар. Әрбір қазақстандық болашақтағы ең іргелі фактор- білім екенін түсінуі тиіс. Мемлекет басшысы педагогтер бағдарламаның жолсеріктері болатындығына қатты сенім білдіреді. Бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы жетекші бағыттары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақтанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру, бағыттарын айқындау мақсатында а.ж. 9-10 тамыз күндері Сүлейман Демирель атындағы университет базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтары үшін «Білім – болашақ ел жетістігінің іргелі факторы» тақырыбында республикалық тамыз педагогикалық кеңесін (бұдан әрі – тамыз педкеңесі) өткізеді.

Педкеңес бағдарламасында пленарлық отырыс, педагогикалық шеберхана жұмыстары, «Қазақстандағы 100 жаңа есім»- нақты тұлғалар тарихы» атты экспозициялық көрме қарастырылған.

Тамыз педкеңесінің жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, МББҰ мектеп директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері, педагогикалық ЖОО-ның ғалымдары, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері шақырылады.

Тамыз педкеңесінің басталуы С. Демирель атындағы университеттің конференц-залында 10 тамыз, сағат 12.30.

Университеттің мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы Абылай хан көшесі 1/1, Тел: +7 727 307 95 65, +7 727 307 95 69

Қосымша ақпаратты мына мекен-жайдан алуларыңызға болады: Астана қ., Республика даңғылы 34 а, Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Байланыс телефондары: 8/7172/ 29-49-98,  8-701-292-36-12

Республикалық тамыз педагогикалық кеңесінің

«Өзгермекші әлем үшін кәсіби дағдыларды өзгерту» панельдік сессиясының

ПРЕСС-РЕЛИЗі

Өткізу күні және уақыты: 10.00 сағ. 21 тамыз  2017 жыл.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті.

Мақсаты – техникалық және кәсіптік білім жүйесінің мазмұнын жаңарту шеңберіндегі өзгермекші әлем үшін жұмысшы кадрларын жаңа құзыреттілікпен даярлауды дамытудың негізгі бағыттарын түсіндіру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті панельдік сессиясының жұмысына 100 делегат қатысады: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, республикалық колледж басшылары, облыстық білім басқармалары ТжКБ бөлімдерінің басшылары, педагогикалық колледж басшылары, профиль бойынша оқу-әдістемелік бірлестік төрағалары, аймақтық директорлар кеңесі төрағалары, ТжКБ оқу орындарының басшылары, педагогтар.

«Өзгермекші әлем үшін кәсіби дағдыларды өзгерту» панельдік сессиясы Астана қаласы, Космонавтар көшесі 60, «Чубары» ш/а мекен жайы бойынша  «Comfort Hotel Astana» отелі базасында өтеді.

Панельдік сессияның өту форматы – дисскуссия, мазмұнды жаңарту, «Барлығы үшін техникалық және кәсіптік білім тегін» жобасын іске асыру, 2017-2018 оқу жылының басталуына дайындық, педагогикалық кадрлардың дайындығы, Атырау қаласы «АРЕС PetroТechnic» Жоғарғы колледждің жұмыс тәжірибесі, инженер-педагог қызметкерлер мен басшылардың біліктіліктерін арттыру сұрақтары қарастырылады.

Оқу жылының басталуына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім басқармаларына «2017-2018 оқу жылының басталуы туралы» нұсқаулық хат жолдады.

Тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.

Қосымша ақпаратты   Астана қаласы, БҒМ, Орынбор көшесі, 8 (11 кіреберіс)  мекен жайынан алуға болады, байланыс телефондары: 742466, 742044.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz