Тегін ТжКБ жобасы

01 ақпан 2017

Барлығы бірдей жоғарғы және кәсіби білім ала алмайтыны ешкімге де құпия емес. Себебі ол үшін ақша төлеу керек. Мектеп бітіргеннен кейін түлектердің бір бөлігі ЖОО-ға, колледждерге түседі. Ал бір бөлігі ешқандай жерге тапсыра алмайды. Ал қазір колледждерде тегін білім алу шындыққа айналды. 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы жүзеге асырылады. Ол жұмысшы кадрлерді 40% -ға көбейту мен ынтасы барларды тегін біліммен қамтуға бағытталған. Мектеп түлектері, колледждер мен ЖОО-дан шығарылғандар және білімі жоқ жеке ісі бар адамдар тегін білім ала алады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін ҚР БҒМ мықты деген әлемдік тәжірибеге сай оқу бағдарламаларын әзірлеуде. ТжКБ білім беру жүйесіне бір-біріне жақын үш мамандықты игерту және кредитті білім беру технологиясын енгізді. Бұл мамандардың еңбек нарығына шығып, керек кезде оқуын қайта жалғастыруларына мүмкіндік береді.

Бұл жүйе білім алушыларға келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
• Біріншіден жұмыспен қамту арқылы жастардың арасында қылмысты азайту және өмірлерін өз еңбектерімен қамтамасыз ету (ТҚК-дағы жұмыс, дәнекерлеу, аспаздық, сантехникалық және дәнекерлеу ісі және т.б);
• Тегін жұмысшы және орта буын мамандықтарға ынталы адамдарды 100% қамту арқылы жұмыссыздықты азайту. Айта кету керек, бұл фактор еліміздің экономикасына да жақсы жағынан әсер етеді;
• Мамандық алу арқылы, олар мамандығы жоқ кезде тапқан ақшасына қарағанда көбірек табуға мүмкіндіктері болады;
• Жұмысшы мамандықтардың тапшылығын азайту;

Назарларыңызды колледждердің қазіргі жағдайының айтарлықтай өзгергеніне аударғымыз келеді. Қазір бұл бұрынғы көзқараспен қарайтын КТУ емес, білікті мамандары мен жаңа білім беру жүйесі бар орын. Колледждердің жаңа жабдықтары, студенттер мен оқытушылары туралы сайтқа https://www.facebook.com/edugovrk/ тіркелу арқылы оқи аласыздар.