Мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

19 қазан 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, анықтама үшін телефондар:74-23-62 e-mail: sup-mon@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Балалардың құқықтарын қорғау комитетін төрағаның орынбасары С-1 санаты ,  ( 1 бірлік) лауазымына

Функционалдық міндеттері:  Адамның  адамгершілік-рухани даму статистикасы мен талдауы және оны жоспарлау басқармасының жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет бекіткен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындалу көрсеткішін бақылау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті бекіткен стратегиялық, операциялық жоспарларының көрсеткіштері мен индикаторлары орындау жөніндегі жұмысын үйлестіру және бақылау. Комитеттің, жылдық жоспарын әзірлеу, бекіту және іске асыру, сондай-ақ оның орындалуы жөніндегі есептер дайындау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру. «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы заңына» сәйкес Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жылдық  баяндаманы дайындау бойынша жұмысты үйлестіру. Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы, Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының факультативтік хаттамаларын орындау баяндамаларын дайындау жұмыстарын үйлестіру және бақылау. Баланың құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің ұсынымдарын мемлекеттік органдардың іске асыруы жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау. Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға балалар құқығын қорғау саласында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық конвенциялар мен пактілердің орындау жөніндегі ақпарат дайындауды қамтамасыз ету және бақылау. Халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) жетекшілік ететін қызметті, балалар құқығын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара ic-қимылын қамтамасыз ету және үйлестіру. "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша республикалық кеңесінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету. Адамның адамгершілік-рухани дамуының мәселелерін қызықтыратын органдар мен мекемелер қызметтерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жергілікті органдар мен «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани даму бағдарламасының ақпаратын қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандардың жазғы демалыс ұйымдарын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру. Балалардың жазғы демалыс ұйымдарын кешенді әрі арнайы тексеру жұмыстарын бақылау. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша хаттар мен өтініштерді уақытылы әрі сапалы қаралуын бақылау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлемдік тәжірибелерді енгізуді ұйымдастыру және зерттеу. Төрағаның жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарында, сондай-ақ БАҚ сөз сөйлеулерге материалдар дайындауды қамтамасыз ету. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қадағалайтын  мәселелер бойынша нормативтік жаттарды орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Министрлік басшылығының тапсырмалары, ҚР Парламенті депутаттары, жоғары тұрған органдардың  жұмысы туралы Комитет төрағасы Жетекшілік ететін мәселелер бойынша аналитикалық ақпарат дайындау. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру. Өзіне жүктелген мәселелердің жауапкершілікпен орындау.Төрағаның өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  «Білім беру», «Құқық»,  «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» мамандықтар тобы бойынша жоғары білімі

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

С-1

383 097

518 014