Новый формат ЕНТ

ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 2017 жылғы 9-13 АҚПАН АРАЛЫҒЫНДА

09 ақпан 2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, анықтама үшін телефондар:74-23-62 e-mail: sup-mon@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Бюджетті жоспарлау департаментінің директоры, С-1 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:  Департамент жұмысына жалпы басшылық жасау; Министрліктің құзыретіне жататын білім және ғылым саласындағы республикалық бюджетті жоспарлау және орындау; ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің орындалуын ұйымдастыруға қатысу; Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен ҚР Үкіметінің іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, Министрліктің бөлімшелерімен Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасындағы Министрліктермен және ведомстволармен, шетелдік әріптестермен, халықаралық ұйымдармен департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бірлескен іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

2. Бюджетті жоспарлау департаментінің қаржы статистикасы және

талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:  Білім және ғылым  бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуын  талдау; Басқарма құзыретіне кіретін қаржы мәселелері бойынша сараптамалық анықтамалар, құжаттар дайындау; Департамент құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламаларды, білім мен ғылымды дамытудың стратегиялық жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын әзірлеп, мониторингілеуге қатысу; Бюджеттік бағдарламалардың атқарылу тиімділігін бағалау есебі мен бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың барысы туралы талдамалық есеп бойынша материалдарды дайындауға қатысу; Алқа отырыстарын, семинарлар, кеңестер және Министрлік, Департамент өткізетін басқа да іс-шаралар бойынша материалдар дайындауға қатысу; Келіп түсетін хаттар мен өтініштерді қарастыруды және департамент пен министрлік басшылығының тапсырмаларын орындауды уақытылы қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

  1. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және мониторинг басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау, тұрақты негізде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуін үйлестіру және тиісті есептерді дайындау; Министрліктің аппараты қызметкерлеріне заңнамалық нормаларды қолдану бойынша консультация беру; заңнамалық актілерде қарастырылған жағдайларда Министрліктің атынан Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындауды қамтамасыз ету; Министрлікте жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу және тиісінше ақпаратты әзірлеу; нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын қарау және олар бойынша қорытынды беру; әртүрлі комиссиялардың және жұмыс топтарының, оның ішінде басқа мемлекеттік органдар құрған комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу; қатысушылары Министрліктердің басшылары болып табылатын әртүрлі ведомствоаралық комиссияларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына құқықтық сипаттағы материалдарды дайындау; құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларының талаптарын орындау, департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

  1. Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатыпалу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; веб-порталға мемлекеттік сатып алу жөніндегі хабарландырулардың уақытылы жариялануын қамтамасыз ету; тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі құжаттарды, конкурстық құжаттамаларды дайындауды жүзеге асыру; тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдерді өткізуді ұйымдастыру; тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша хаттамаларды жасау; тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын әзірлеу; мемлекеттік сатып алу шарттарының тізілімін жүргізу; уәкілетті органға белгіленген есептерді дайындау; құзыреті және функционалдық міндеттері шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржыгер) немесе «Құқық» (заңгер) мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

 

5. Қаржы департаментінің Мемлекеттік активтер басқармасының бас сарапшысы,С-4 санаты, (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Ұйымдардың мемлекеттік активтерін қалыптастыру және мониторингілеу жұмысын жүргізу; білім және ғылым объектілері бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіруді басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен әзірлеу іс-шараларын өткізу; негізгі қаражаттарды бір меншік нысанынан екіншісіне беру мәселесі бойынша, ведомстволық бағынысты ұйымдардың негізгі қаражатын келісіммен есептен шығару және сатып алу  жұмыстарын жүргізу; мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасын бекiтуге қатысу, құзыреті және функционалдық міндеттері шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит қаржы, маркетинг, әлемдік экономика) мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

6.Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, С-3 санаты, (1 бірлік)

     Функционалдық міндеттері: Білім беру саласында өз құзыреті шегінде ақпараттандыруды дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру жөнінде шешімдер қабылдау. Министрлік, басқарма және басқада мемлекеттік ұйымдар және мекемелер құзыреті шеңберінде ұсыну. Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Басмқармаға келіп түскен хаттарды қарау және тарату. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері құзыреті шеңберінде анықтауға қатысуға жататын басқару функцияларын автоматтандыру; тоқсан сайынғы есептерді және өзге де құжаттарды қабылдау үшін негіз болып табылатын сәйкестік актілерін қабылдауды жүзеге асыруға және ай сайынғы қол қою және Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының сәйкес бағдарламаларда көзделген жұмыстарды ақпараттандыру. Бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыруға және электрондық оқыту жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі талаптарды қалыптастыру; Ұлттық білім беру деректер қоры, ақпараттық технологиялар статистикасын жинауды автоматтандыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық жұмыстарды іске асыру және қамтамасыз ету; Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерінің барлық білім беру деңгейлері бойынша статистикалық ақпаратты талдау және оған мониторинг жүргізу; Білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету бөлігінде 2020 жылға дейін ақпараттандыру. Басқарма құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар бойынша жоғары білім.

7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті

директорының  орынбасары (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 15.10.2017 ж),  С-2 санаты (1 бірлік)

            Функционалдық міндеттері: Департаменттің мынадай мәселелері бойынша жұмыстарына басшылық жасау және бақылау:

Департаменттің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен  құрылымдық бөлімшелері өтінімдерінің негізінде бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау және қалыптастыру;

Департаменттің құзыретіне бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін мониторингілеу және бағалау;

 ведомстволық бағынысты ұйымдардың инвестициялық өтінімдері мен ұсыныстарын қалыптастыру, инвестициялық ұсыныстарын қарау;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

жоғары оқу орындарының жұмыс істеуін көп арналы қаржыландырудың моделін әзірлеу, оның ішінде мемлекеттік-жекешілік әріптестік есебінен;

инновациялық қызметті жүзеге асыратын және өндірісте ғылыми-зерттеулер нәтижелерін жүзеге асыратын базалық жоғары оқу орындарын анықтауға және оның тетіктерін әзірлеуге қатысу;

зерттеу университеттерін құру, олардың даму бағдарламаларын әзірлеу және Зерттеу университеттерінің дамуы мен зерттеу университеттері мәртесін беру бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу;

жоғары оқу орындарында корпоративті басқару жүйесін енгізу және оларда байқау кеңестерін құру;

жоғары оқу орындарының академиялық және басқару ұтқырлығын кезең-кезеңмен  кеңейту  бойынша шараларды жүзеге асыру;

жетекшілік ететін басқарма құзыретінде шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау.

ҚР заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, жоғары тұрған органдар шешімдерінің, Министрлік бұйрықтарының орындалуын бақылау, жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды жетілдіру.

Өз құзыреті шеңберінде министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.      

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:                   «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары  бойынша жоғары білім. Ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы.

    8. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының  бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 30.06.2017 ж),  С-4 санаты (1 бірлік)

          Функционалдық міндеттері: Еңбек нарығының қажеттілігіне және жұмыс берушілердің сұраныстары сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды ұйымдастыру; мамандықтар және ЖОО бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді (квоталау) іске асыру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды ұйымдастыру; педагогикалық мамандықтарға түсудің жаңа өлшемшарттарын ендіру механизмдерін әзірлеу; SAT, ACT әдістемесін  және т. б. қоса отырып, оның ішінде шет ел азаматтары үшін ақылы негізде, ЖОО-на қабылдау қағидаларын жетілдіру; жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу; ҮИИДБ-2, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» және т.б. бағдарламалары аясында педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы, ветеринарлық мамандықтар бойынша мамандарды мақсатты даярлауды әкімшілендіру; М.Ломоносов атындағы ММУ және МАИ «Восход» филиалдарында, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде мамандарға сұранысты зерделеу, мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру; білім беру грантын беру қағидаларын әзірлеу; жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу үшін квота бөлуді қамтмасыз ету; Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комияссияның жұмысын ұйымдастыру; ЖОО-ға қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу; жоғары білім беру мәселелері бойынша нұсқаулық хаттарды әзірлеу; өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау бойынша ұсыныстарды әзірлеу; азаматтарды қабылдауды жүргізу; құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін уақытылы және толық қарастыру, олар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде шешім қабылдау және жауапты жолдау; басқарма қызметінің бағыттары бойынша жоғары білімді дамыту басымдықтарын анықтау және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, оның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларды жоспарлауға ұсыныстар әзірлеу; басқарма қызметінің бағыттары бойынша бюджеттік тапсырысты қалыптастыру; басқарма қызметінің бағыттары бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу үшін техникалық ерекшелікті әзірлеу және мерзімінде ұсыну; Департамент құзыретіне жататын, басқарма қызметінің бағыттары бойынша мәселелерге есептер, аналитикалық материалдар мен анықтамалар әзірлеу; басқарма құзыреті шеңберінде жоғары оқу орындары қызметін мониторингілеу; жоғары білім саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындау, оның ішінде басқарма қызметінің бағыттары бойынша көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар топтары  бойынша жоғары білім.

 

9. Техникалық және кәсіптік білім департаментінің Мазмұн және әдістеме басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарын ұстау мәселелері бойынша әдістемелік-нұсқаулық, нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтарының бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастыру, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын әзірлеуді үйлестіру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша оқу әдебиеттерін апробациялауды, сараптамадан өткізуді ұйымдастыру; техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының жіктеуішін әзірлеу жұмысына қатысу; білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру; құзыреті және функционалдық міндеттері шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім

        10. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру  департаменті Статистика және жинақтық талдау  басқармасының бас сарапшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 30.09.2017 ж),  С-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында белгіленген тапсырмалардың, сондай-ақ Департамент, Басқарма басшылығы тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрліктің, Департаменттің, Басқарманың іс-шаралар жоспарларының уақытылы орындалуына есеп жүргізу; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер тізілімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау; білім және ғылым саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін келісу және бекіту рәсімдеріне мониторинг жүргізу; Министрліктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жұмысын үйлестіру; мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау; «ЭЫДҰ-ның Ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау зерттеуіне (PIAAC) қатысу» жобасы бойынша есептерді зерттеу, ұсынымдар әзірлеу; өз құзыреті шеңберінде білім беруді дамыту мәселесіне арналған семинар-кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шеңберінде Департамент пен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, аумақтық білім және ғылым және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру; еңбек тәртібін және мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау; жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырып отыру; Министрлікте қабылданған ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Құқық» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

11. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті білім беру мазмұны және әдістемесі басқармасының бас сарапшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 01.04.2018 ж),  С-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жетекшілік ететін мәселесіне қатысты көрсетілетін  мемлекеттік қызметтер бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және енгізу, математикалық бағыттағы (Математика, Физика, Информатика) пәндер бойынша жалпы білім беру стандарттарын, оқу бағдарламаларын әзірлеу, апробациялау және енгізуге қатысу; шағын жинақты мектептердің, ресурстық орталықтардың, кешкі мектептердің және ҚАЖК мектептерінің қызметіне жетекшілік жасау, жетекшілік ететін мәселелері бойынша тамыз педагогикалық кеңестерінің, конференциялардың, алқа отырысы, семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шаралардың материалдарын дайындау; лицейлер мен мектеп-лицейлердің қызметін үйлестіру, республикалық білім беру ұйымдарында математикалық пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға арналған емтихандық материалдар дайындау; Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының,  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша бюджеттік өтінімдерді құрастыру және техникалық ерекшеліктерді әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

С-1

383 097

518 014

С-1

289 629,46

391 105,47

С-2

204 041,10

275 663,69

С-3

154 071,85

208 205,21

С-4

138 248,26

186 551,86