ҰБТ-ның жаңа форматы

Есептілік

20 желтоқсан 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті  жүргізген  мемлекеттік аудит нәтижелері туралы 2016 жылға арналған ақпарат 

 ҚР БҒМ Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – ҚР БҒМ ІАД) 2016 жылғы 12 айдың қорытындылары бойынша  мемлекеттік аудиттің 24 объектісіне аудиторлық іс-шаралар жүргізді.  Аудитпен қамтылған  қаражаттардың жалпы көлемі  - 94 778 800,0 мың теңгені  құрады.  

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың  және мемлекеттік сатып алулар туралы  заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы  2 226 100,0 мың  теңгені, оның ішінде:

- ағымдағы шығыстар бойынша  бұзушылықтар 906 700,0 мың теңге соманы;

- мемлекеттік сатып алулар туралы  заңнаманы бұзушылықтар жалпы сомасы  113 800,0 мың  теңгені;

- бухгалтерлік  есепті жүргізуді бұзушылықтар жалпы сомасы  76 700,0 мың теңгені;

- өзге де бұзушылықтар жалпы сомасы  470 500,0 мың теңгені:

- мемлекеттің активтерін  басқару және  пайдалану кезінде  заңнаманы бұзушылықтар жалпы сомасы  694 400,0 мың теңгені құрады.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан:

- бюджетке қайтаруға  – 97 200,0 мың теңге,  толық көлемде қайтарылған – 74 600,0 мың теңге;

- бухгалтерлік есеп бойынша  қалпына келтіруге  – 22 700,0 мың теңге жатады.

          Үстіміздегі жылғы есепті кезең ішінде аудит объектілеріне  анықталған  бұзушылықтарды жоюға  24 шешім жолданды,  олардың 3-еуі бойынша  орындау мерзімі келген жоқ. Қалған объектілер бойынша  тәртіптік жауапкершілікке  - 48, оның ішінде:

- ескерту – 29;

- сөгіс – 15;

- қатаң сөгіс – 2;

- еңбек шартын бұзу түрінде  -2 лауазымды адам  тартылды.