Новый формат ЕНТ

Ереже

20 желтоқсан 2016

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі Жауапты хатшысының

2016 жылғы «30» мамырдағы

№119 бұйрығымен бекітілген

 

 

Ішкі аудит департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ішкі аудит департаментінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент)Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) шешімімен құрылады.

2.Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң), 2014 жылғы 15 шілдедегі №282 Министрліктің регламентіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу  №97494 тіркелген    Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережеге (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсанда № 12544 болып тіркелді), Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне және Министрліктің ішкі құжаттарына, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент құрылымы және штаттық саны (сандық құрамы) Министрдің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.

4. Департамент қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Департамент туралы ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді, және Министрдің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.

5. Департамент құрамы:

1)  Аудиторлық іс-шаралар басқармасы;

2) Талдау және есептілік басқармасы.

2. Департаменттің мәртебесі

 

6. Департамент Министрліктің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, тікелей Министрге есеп береді және бағынады.

7. Департамент ішкі мемлекеттік аудитті жүгізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз.

8. Департамент басқа құрылымдық бөлімшелердің, оның ведомстволарының құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындауға немесе орындауға тартыла алмайды.

9. Департамент қызметкерлеріне Департамент мәртебесіне, Министрлік туралы ережеге және Департамент туралы ережеге сәйкес қолданылуы мүмкін емес құжаттарды қоспағанда, Министрліктің ішкі құжаттарының ережелері таратылады.

10. Департамент қызметін бағалауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі  уәкілетті орган жүргізеді.

 

 

3. Департаменттің мақсаттары, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттемелері

 

11. Департамент қызметінің негізгі мақсатытәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген бюджет қаражатын, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру және стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін  Министрге тәуелсіз және объективті ақпарат ұсыну.

12. Департамент міндеттері:

1)  кемшіліктер мен бұзушылықтарға жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Министрліктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;

2) ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрліктің қызметін ұйымдастырудыңішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында талдау, бағалау және тексеру.

13. Департамент функциялары:

1)  ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін Министрдің бекітуі үшін әзірлейді;

2) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады;

3) Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;

4) Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;

5) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;

6) Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

7) Министрліктің ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде стратегиялық жоспарының бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды;

8) Министрлікте тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады;

9)  мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша тиісті ақпаратын тыңдайды;

10) Министрге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, Министрлік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;

11) Министрге Департаменттің жылдық жұмыс жоспарын орындау мониторингін жүзеге асырады;

12) жүйелі түрде ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстарды орындауына мониторинг жүргізеді.

14. Департаменттің құқықтары:

1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәліметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;

2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға қарау үшін ұсыну;

3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу;

4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижелері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасымалдағыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге  қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;

5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымды тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;

7) тиісті мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмыста консультациялық қызметтер көрсету;

8) Департамент құзыретінің  шеңберінде жоспардан тыс мемлекеттік аудитті, қаржылық есептіліктің аудитін, үстеме, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізу;

9)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие.

15.     Департамент міндеттері:

1) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес Министрлікте, ведомстволарда, оның аумақтық бөлімшелеріндежәне ведомстволық бағынысты ұйымдарындаолардың қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізу;

2) Департаменттің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, Департаментқызметшілеріноқыту бойынша жоспарларын әзірлейді, оларды Министрге бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;

3) Департамент қызметшілерін мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үшін сертификаттауға жіберу;

4) тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін бекітілген тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде ақпаратты жинау және талдау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Министрліктің интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;

6) қайталануды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келіседі;

7) ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін алдын ала зерделеу;

8) аудиттің жоспарлары мен бағдарламасын, аудиторлық тапсырманы және тапсырыстарды жасау;

9) жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, соның ішінде Департаменттің деректерін, ұсынымдарын және міндетті орындалатын ұйғымдардың орындалу мониторингін жүзеге асырады;

10) мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының  мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін сақтайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады;

13) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды тұлғаларының
іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді;

14) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі жасамайды;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;

16) қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды;

17) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымды тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді;

18) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияларға жататын мәліметтерді жарияламайды;

19) Министрге мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;

20) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;

21) Министр басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырады, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

22) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.

16. Департамент өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

 

4. Департаменттіңқызметін ұйымдастыру

 

17. Департаментте басшылықты Министрдің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Департамент басшысы жүзеге асырады;

Департамент директорының бір орынбасары болады.

18. Департамент директоры Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Департамент қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөннідегі кеңес құрамына қатысады.

Осы мақсатта Департамент директоры:

1) өзінің орынбасарының құқықтары мен міндеттерін белгілейді;

2) Департамент құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшылығының құқықтары мен міндеттерін белгілейді;

3) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшіндербес жауап береді;

4) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өзге де құзыреттілікті іске асырады.

Департамент директорның орынбасары:

  1. өзінің құзыреті шегінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
  2. Департамент директоры болмаған кезде Департамент қызметіне жалпы басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттерді орындау мен өзінің қызметін іске асыруға дербес жауап береді
  3. Департамент директорына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19. Департамент директоры Министрліктің Жауапты хатшысымен келісіп Министрге құрылым және штаттық кесте бойынша ұсыныс енгізеді.

20. Департамент атынан Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге, ведомствоға, аумақтық органдарға және ведомстволық бағынысты мекемелерге жіберілетін құжаттарға директордың қолы, ол болмаған жағдайда оның орынбасарының қолы қойылады.

21. Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өткеру шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасымен, Департамент ережесімен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

22. Департамент қызметі өзіне жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылауын қамтамасыз ету үшін Департаменттің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарына және Министр бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

 

 

5. Департаменттің есептілігі

 

23. Департамент жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

24. Департамент жыл сайын ішкі мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша Министрге және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жылдық есебін ұсынады.

 

 

6. Департаменттің жауапкершілігі

 

25. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының талаптарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі принциптері мен стандарттарын бұзғаны үшін Департамент қызметкерлері мемлекеттік аудит жүргізу барысында Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.