ҰБТ-ның жаңа форматы

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары

29 тамыз 2016

Конкурс нәтижелері

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратында 2017 жылы мемлекеттік сатып алудың  жылдық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы              Білім және ғылым министрлігі            Жауапты хатшысының 2016 жылғы                                  27 желтоқсандағы № 722 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратында 2017 жылы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жауапты хатшысының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 722 бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (бұдан әрі – Жылдық жоспар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті              Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: құрылымдық бөлімшелердің өтінімдері.

 

 

Жауапты хатшының                                                                    Н. Байжанов

міндетін атқарушы