ҰБТ-ның жаңа форматы

Жекешелендірудің екінші толқыны

31 тамыз 2016

ҚР Білім және ғылым министрлігімен 

жекешелендірудің екінші толқыны жүзеге асырылуы 

жөніндегі ақпараттық-анықтамалық материал

 

Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 3 бағынысты ұйымы бәсекелестік ортаға беріледі:

1) «Қазақ спорт және туризм академиясы» АҚ (20%, 2014 жыл).

2) «Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты» ЖШС. Бағаланған құны 20 084 мың теңгені құрайтын, 35% көлеміндегі мемлекеттік үлесті, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының 31 бабына сәйкес «ЖҚКИИ» ЖШС басқа құрылтайшылары артықшылық сатып алу құқығы бойынша жекешелендіріп алған.

3) «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ, (100%, 2016 жыл).

Сонымен қатар ағаш және бұталы өсімдіктердің өте сирек кезедесетін коллекциясын сақтау, зерттеу және дамытуды, орман және  жеміс мәдениеттерін сұрыптау жүргізуді, Қазақстанның сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктері түрлерін іріктеу және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қаңтарындағы № 9 қаулысымен «Лесной питомник» АҚ жекешелендіруге жататын ұйымдар тізімінен алынып тасталынды.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген 3 ұйымды бәсекелестік ортаға беру төмендегі нәтижелерге алып келеді:

1. Республикалық бюджетке мемлекеттік үлесті сатқаннан түсетін түсімдерге.

2. Жекешелендірілетін ұйымдар жұмысшыларының еңбек ақыларының әлеуетті өсімі мүмкіндігімен, қызметтер нарығындағы өз ұйымының табысты алға жылжуы үшін кадрларды таңдауды неғұрлым сапалы жүргізуге.

3. Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұсынылатын қызметтері сапасын жақсартуға.

4. Мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендетуге;

5. ТжКБ ғылыми-әдістемелік қолдау саласында нарықтық бәсекелестікті дамыту мүмкіндігі.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысымен бекітілген 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспары шеңберінде кейбір бағынысты ұйымдарды оңтайландыру мәселесін қарастыруда.

 

Жекешелендірілетін ұйымдар туралы қысқаша ақпарат

1) Қазақ спорт және туризм академиясы тарихы КСРО Халықтық Комиссарлары Кеңесінің 1944 жылдың 14 қарашасында Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік дене шынықтыру институтын ашу туралы қаулысынан басталады.  Құрылған күннен бастап бүгінгі таңға дейін ҚазДШИ – ҚазСТА Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі бас оқу-ғылыми-спорттық орталығы және ТМД елдеріндегі жетекші спорттық ЖОО болып табылады. Өзінің институт кезіндегі, ал одан әрі академия кезіндегі қызметі барысында дене шынықтыру, спорт және туризм бойынша 19000 маман дайындалды. Біздің ЖОО-нымыздың түлектерін әртүрлі алыс және жақын шет елдерден кездестіруге болады. ҚазСТА (ҚазДШИ) білім алған көптеген мамандар атақты спортшылар, жаттықтырушылар, ғылыми жұмысшылар, дене шынықтыру қозғалыстары жетекшілері болды.

ҚР Үкіметінің 1998 жылғы шешімімен ҚазДШИ Қазақ спорт және туризм академиясы болып қайта құрылды.

Академия өз кезегінде:

- әртүрлі мамандықтар мен дайындық бағыттары бойынша тиісті деңгейлер және  сатыларына сәйкес, өзіндік зерттеу қызметі машықтарын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындауға; ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауға, қайтадан дайындауға, және  біліктіліктерін арттыруға;

- білім беру қызметінің сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ететін, сапаны басқарудың тиімді жүйесін әзірлеуге және енгізуге; оқытудың заманауи технологияларын енгізуге, білім беру үдерісін оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету сапасын үздіксіз арттыруға;

- қосымша қорларды тарту, қызметкерлердің біліктіліктерін және практикалық машықтарын арттыру үшін және жоғары білікті кадрларды дайындау және білім беру үдерісіне арналған базаны қамтамасыз ету үшін негіз ретінде академияның ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін кеңейту және көлемін арттыру;

- әрбір жұмыс істеушінің еңбегін жеке бағалау жүйесін құру және жүзеге асыру жолымен академияны оқу-көмек қызметкерлерінің және проефссорлық-оқытушылық құрамының кәсіптік өсуі және біліктіліктерін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

2) «Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты» Жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы 2001 жылғы 6 сәуір №458 қаулысына сәйкес құрылған. Соңынан аталмыш акционерлік қоғам ЖШС болып қайтадан құрылды. Қазіргі таңда Министрліктің қолында Серіктестіктің 35% үлесі бар.

Серіктестік қызметінің мәні:

- геологиялық – минералдық, тау, химиялық ғылымдар және аймақтық экология саласында фундаменталды және қолданбалы – ғылыми зерттеулер жүргізу;

- минералдық және көмірсутектік шикізаттарды кешенді өңдеу технологиясын жасау;

-  ғылыми кадрларды дайындау және олардың біліктіліктерін арттыру;

- кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша технологиялар енгізу және енгізілімдерге авторлық бақылауды жүзеге асыру;

- ғылыми еңбектерді Қазақстанда және шет елдерде жариялау болып табылады,

 

3) «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.04.2005 ж. №405 қаулысымен құрылған. Акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісінде кәсіпорын 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

«РҒӘО» АҚ қызметінің негізгі бағыттары:

1. ТжКБ мазмұнын дамыту – құрылымына, мазмұнына және көлеміне қойылатын бірегей талаптары бар ТжКБ жүйесіне арналған нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және әзірлеу – оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді ұйымдастыруға республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктер және үлкен жұмыс тәжірибелері бар арнаулы пәндер (230 мамандық) педагогтары белсенді тартылады.

2. ҚР 2011 – 2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кәсіптік дайындық деңгейлерін бағалау (КДДБ) енгізіледі және өткізіліп отырады.

- тек 2012 жылы,728 Оқу Орнында (барлығы 894)  ТжКБ жүйесі ұйымдарының - 122 671 түлегіне (69 557 - сертификатталды) КДДБ рәсімдері ұйымдастырылды және өткізілді.

- ТжКБ 288 біліктілігі бойынша 144 000 тестілік тапсырма әзірленді.

- ТжКБ 128 мамандығы бойынша 150 000 тестілік тапсырма іске қосылды.

Орталық Қазақстандағы жалғыз ТжКБ оқу орындарының студенттеріне КДДБ енгізу және сынақтан өткізу бойынша аккредиттелген кәсіпорын болып табылады. Бұл бағытта КДДБ ұйымдастыру және өткізу әдіснамасы және бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген.

Мемлекеттік тапсырыс есебінен 230 мамандық пен біліктіліктер бойынша тестілік тапсырмалар жасалынады.

3. Орталықта, қызметтерінің мақсаты аймақтардағы ТжКБ жүйесі ұйымдарымен тікелей жұмыс жасайтын, техникалық және кәсіптік білім жүйесі туралы тұтас көрініс қалыптастыру болып табылатын 16 аймақтық филиалдар жұмыс істейді.

4. 2010 жылы Орталық ҚР СТ 1349-2005 талаптарына сәйкестігіне аккредиттеу алған. Органның қызметкерлердің сәйкестігін (сертификаттау) растау бойынша саласы – «ТжКБ мамандықтары бойынша біліктіліктерді беру және кәсіптік дайындық деңгейін бағалау».

5. Орталықта қызметіне төмендегілер кіретін, Қазақстан Республикасындағы әдістемелік жұмыстар қызметтерін үйлестірумен айналысатын оқу-әдістемелік кабинет (ОӘК) бар:

- оқытушылардың кәсіби өсуіне мониторинг жүргізу, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жиынтықтау және жүйелеу;

- студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері арасында кәсіби шеберлік конкурстарын (мамандықтар бойынша «Кәсібі бойынша таңдаулы») ұйымдастыру және өткізу;

Орталық аймақтардағы педагогикалық инновациялар картасы жасалынған.

6. 2009 жылдан бері Орталық «Техникалық және кәсіптік білім» Республикалық ақпарттық-әдістемелік және тоқсандық журналдың құрылтайшысы болып табылады.