Новый формат ЕНТ

Жастар корпусын дамыту жобасы

21 қыркүйек 2016

Жоба жайлы

ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ жобасы бойынша анықтамалық ақпарат

Қазақстандағы Жастар корпусын дамыту жобасының әзірлеушілері:

- Дүниежүзілік банк;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік);

Негізгі құжаттар: Дүниежүзілік банк пен Швейцария Конфедерациясы арасындағы «Энерготиімділікті арттыру мен Қазақстандағы жастар корпусы» бағдарламасы бойынша әкімшілік келісімі,  «2012-2017 жылдарға арналған Қазақстан Респуликасымен әріптестік стратегиясы».

Тарих. 2011 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевта Дүниежүзілік банкпен басқарылатын Швейцарияның құрылып жатқан Траст қорының шеңберіндегі жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған жастар корпусы мәселесі бойынша жобаны мақұлдау, сондай-ақ осы Жоба бойынша Келісім жобасын әзірлеу тапсырмалары берілді.  

2012 жыл арасында Министрлікпен Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Жобаның мазмұны бойынша келіссөздер жүргізілді.

Жалпы соммасы 48,8 млн. долларды құрайтын  Дүниежүзілік банк пен Швейцария Конфедерациясы арасындағы «Энерготиімділікті арттыру мен Қазақстандағы жастар корпусы» бағдарламасы бойынша әкімшілік келісіміне қол қойылғаннан кейін (2012 жылғы 19 желтоқсан) Бағалау бойынша құжат әзірленуде.

Анықтама. Бағалау бойынша құжат Жобаның толық сипатын және бағалануын, мониторингін және іске асырылу барысы жөніндегі ақпаратты қамтиды.Ол ресми жариялануға жатпайтын жұмыс құжаты болып табылады..

Жоба жоғарыда көрсетілген Траст қорынан қаржыландырылады және Қазақстан Республикасына өтеусіз негізде бөлінеді.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Дүниежүзілік банк) арасындағы Грант туралы № TF014174 келісіміне 2015 жылғы 10 қыркүйекте қол қойылып, 2016 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының № 454-V Заңымен ратикафицияланды. Грант 2016 жылғы 29 сәуірде күшіне енді. 

Жобаның мақсаты – жастардың, оның ішінде әлеуметтік әлсіз топтарының қоғамның өміріне және өмірлік қажеті бар дағдыларды дамытуға қоғамдық-пайдалы әрекеттер бағдарламалары  арқылы қатыстырылуын ынталандыру.

  • оқудан өнімді жұмысбастылыққа өтуге қажетті дағдыларды дамыту;
  • жастарда бастамашылдықты, қоғамдық-пайдалы әрекеттерді дамыту;
  • жастардың қоғамдық өмірге бірігуінің деңгейін арттыру;
  • жастармен жұмыс бойынша білікті мамандарды даярлау.

Министрлік Атқарушы агенттік ретінде жобаның жалпы үйлестірілуі мен бақылауға жауапты болады. Жобаның күнделікті іске асырылуы Министрілкке жүктеледі.

Жоба 3 компоненттен тұрады:

1-ші компонент. Қоғамдық-пайдалы әрекеттер дағдыларын оқыту бағдарламасын қолдау. Компоненттің жалпы соммасы – 20 млн АҚШ доллары.

Компонент шеңберінде қоғамдық-пайдалы әрекеттерді оқытуға, өмірлік қажеті бар дағдыларды жобаның әр қатысушысына арналған екі апталық оқыту арқылы дамытуға гранттар бөлінеді.

Гранттар конкурстық негізде (өтінім, жобаның негіздемесі) жастар ұйымдарына және жастар бастамашылдық топтарына (5 адамға дейін) бөлінеді.

Жобаға қатысатын жастар ай сайынғы әлеуметтік шәкіртақылар алып, 6 айға дейінгі мерзімде жұмыспен толық және жартылай қамтамасыз етіледі.

Осы компонентті іске асыру үшін Үйлестіруші агенттік анықталады. Үйлестіруші агенттік ретінде шетелдік немесе отандық үкіметтік емес ұйымдар бола алады.

2-ші компонент. Жастар саясатын іске асырудың институционалды дамуын қолдау. Компоненттің жалпы соммасы – 763 мың АҚШ доллары.

 Қаражаттар жастар саясатын іске асыру үшін институционалды механизмдерді дамытуға және оқу бағдарламаларын әзірлеу мен орта мектептің жоғары сынып оқушыларын ақпараттандыруға бағытталады.

Министрлікпен сомманы келесідей зерттеуге бөлу бойынша ұсыныстар енгізілді:

- NEET жастар санатымен жұмыс механизмдерін зерделеу;

- Жастар арасында еріктілікті дамыту;

сондай-ақ жастармен жұмыс  саласындағы мамандардың әлеуетін (білімін және дағдыларын) дамыту бойынша 3 жылдық бағдарламаны әзірлеу.

3-ші компонент. Жобаны басқару, бағалау және оның мониторингі. Жалпы соммасы – 1 млн АҚШ доллары.

Компонент шеңберінде Министрлік қарамағындағы Басқару тобын Жобаны басқару, мониторингін өткізу және бағалау үшін қаржыландыру қарастырылған. Жобаны басқару тобының құрамына:

- Жобаның үйлестірушісі;

- қаржылық басқару жөніндегі маман;

- мониторинг және бағалау жөніндегі маман;

- жастар мәселесі жөніндегі маман;

- аудармашы/ассистент;

- сатып алулар жөніндегі маман кіреді.