ҰБТ-ның жаңа форматы

Білім саласындағы аясында құқықтық сауаттандыру

26 мамыр 2017

Құқықтық білім оқушының құқықтық білімді игеруге, қазіргі заманғы құқықтық құндылықтар мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған білім беру әрекеттерін білдіреді.

Құқықтық білім жүйесі:

  • құқықтық білім беру мақсатын;
  • мектептегі құқықтық білімнің мазмұны мен құрылымын;
  • құқықтық білім беру процесін ұйымдастыруды;
  • нәтижелерді қамтиды.

Құқықтық білім оқыту қазіргі заманғы құқықтық құндылықтар негізінде тұлғаның құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі оқыту және тәрбиелеу жүйесін құруға бағытталған. Оқыту оқушылардың құқықтық саладағы білімді, құқықтық қатынастың нормалары мен принциптерін игеруіне бағытталған, тәрбиелеу құқықтық құндылықтарды ұғынуға және құқықпен реттелетін мәселелердегі қызметтердің дәлелдерін, қатыстылығын, анықтылығын қалыптастырудан тұрады. Тәрбиелеу білімге негізделген.

Құқықтық білім беру мақсаты:

- оқушының бойында құқықтық білім жүйесін, өзінің заңда көзделген құқықтарын белсенді іске асыру және  әртүрлі тіршілік саласындағы құқықтық міндеттерін орындау қабілеттерін қалыптастыру;

- заманауи Қазақстанның құқықтық жүйесі, оның салалары бойынша  негізгі білімді меңгеру;

- Конституцияға, құқыққа деген құрметті қарым-қатынасты маңызды әлеуметтік құндылық ретінде қалыптастыру;

- құқықтық сананы құқыққа, қоғамдық өмірдегі құқықтық құбылыстарға адамдардың көзқарасын білдіретін білімнің, ұғымдар мен сезімдердің жиынтығы ретінде қалыптастыру;

- мемлекет белгілеген  заңдар шегінен шықпайтын мінез-құлықты білдіретін заңды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

- әртүрлі жағдайларды шешу үшін құқықтық білім мен дағдыларды қолдана білу іскерлігін  қалыптастыру;

- жекелеген жастардың қосалқы мәдениетінің ықпал ету мәнмәтінінде  қауіпсіздік дағдыларын дамыту және қауіпсіз ортаны қалыптастыру;

- адам құқықтарын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мәнмәтінінде «әлеуметтік агрессия», «ұлтаралық алауыздық» құбылыстарына қарсы тұру тәжірибесін қалыптастыру. 

Құқықтық білім беру процесінде құқыққа, қоғамдық өмірдегі құқықтық құбылыстарға адамдардың көзқарасын білдіретін ұғымдар мен сезімдердің жиынтығы ретінде  құқықтық сананы қалыптастыру жүзеге асырылады. Өзегі құқықтық сана болып табылатын құқықтық мәдениет  құқықтық сана мен құқықтық нормалар негізіндегі қызметтің тұрақты сипаттамаларының жиынтығын білдіреді.

Толық көлемде ұйымдастырылған құқықтық білім оқушылардың бойында әлеуметтік  құзыреттерді қалыптастыру үшін кең мүмкіндіктер дегенді білдіреді. Оқушылардың құқыққа деген қызығушылығы дамиды, қоғамдық құндылық ретінде құқыққа деген көзқарас қалыптасады, әлеуметтік және құқықтық ақпараттармен қоса жұмысқа қабілеттілік дамиды, құқықтық ахуалдарды талдау негізінде тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы біліктіліктері қалаптасады.

Осы құқықтық білім берудің жалпы мақсаттары оқу процесін, сабақтан тыс қызметін, құқықтық материалды игеру бойынша оқушылардың дербес қызметін ұйымдастыру арқылы білім беру ұйымдарында іске асырылады.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда мынадай кезеңдерді атап көрсетуге болады:

- баланың құқықтық ақпаратты алуы, бұл процесс стихиялы және ұйымдастырылған түрде болуы мүмкін, ол оқушылардың құқықтық білімді жүйелі және мақсатқа сай меңгеруін болжайды;

- оқушылардың ерекшеліктері тұлғадан тәуелді қабылдау дәрежесі олардың құқықтық әділдігі эмоционалды, рационалды және еріктілік деңгейі тұлғаның процесті құқықтық құндылықтарын меңгеруі,

- тұлғалардың нақты іс-қимылдарындағы құқықтық идеяларды, мақсаттарды, принциптерді іске асыру.

 Оқыту және тәрбиелеу тұрғысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бір-бірімен байланысты. Оқыту  теориялық және практикалық құқықтық білімнің, іскерлік пен дағдының жиынтығын көздейді.

Бастауыш мектепте баланың өзін басқа тұлға ретінде түсіну процесі дамиды,  негізгі адамгершілік құндылықтар мен мінез-құлық нормалары меңгеріледі:

– оқушылар адам құқықтары, адам өмірінің құндылығы туралы мағлұмат алады;

– мектепте, үйде, қоғамдық орындарда және көшеде өзін дұрыс ұстау мінез-құлық әдептері қалыптасады; оларды орындауды жете түсіну балалардың заңға мойынұсынушылығын тәрбиелеуге ықпал етеді, тұлғаның құқықтық мәдениетінің негіздері қаланады;

– оқушылар мемлекет, оның нышандары мен азаматтығы туралы мағлұмат алады.

Мұғалім қол жетімді, ойын жағдайларында оқушыларды әлеуметтік нормалар мен балалардың негізгі құқықтарымен, әр адам үшін күнделікті өмірде мінез-құлық ережелерінің маңыздылығы таныстырады. Оқушылар әртүрлі жағдайларда құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасаудың алғашқы дағдыларын игереді, (жол қозғалысының ережелері, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері).

Бастауыш сынып оқушыларының бойында күнделікті өмірі мен әртүрлі қауіпті және төтенше жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық модельдері қалыптасады.

Мектептерде жасөспірімдердің әлеуметтік-құқықтық жағдайларында болатын өзгерістерге байланысты адамгершілік бағдарлар мен саяси-құқықтық білімдерді қалыптастыру бойынша мынадай жұмыстар жалғасуда:

- тарихты зерделеу барысында мемлекет және құқық, олардың байланысы және мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынас туралы білімдер жүйесі игеріледі;

- құндылық мақсаттар мен бағдарлар, өз әрекеті үшін, өзінің жасаған қылықтары үшін таңдау сезінуді жүзеге асыру және жауапкершілікті сезіну кезінде дербестік дағдылары қалыптасады;

– «азамат», «құқық», «адам құқығы», «заң», «Конституция», «конституциялық азаматтың міндеттері» және т. б. деген ұғымдардың мазмұны кеңейеді және тереңдейді;

- құқықтық мәдениетті қалыптастыру процесінде базалық пән болып табылатын «Адам. Қоғам құқық» курсын жүйелі оқып-үйрену басталады.

Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қоғамдағы қарым-қатынастың реттеушісі ретінде құқықтың маңыздылығын түсіну, заңға құрметпен қарау дағдысын қалыптастыру, конституциялық құқықтары мен басқа адамдардың еркіндігін  құрметтеу негізінде толерантты мінез-құлық дағдыларын дамыту маңызды болып табылады.

Жоғары сыныптарда болатын тұлғалық және маңызды өзгерістерді ескере отырып, конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыру білімдерін игерудің тұлғалық бағдарлау сипаты күшейеді:

- қоғамдық құқықтық сала туралы оқушының ұғымы кеңейеді; білім жүйелік сипатта болады;

- құқықтық жағдайда сыни талдау дағдылары дамиды;

- әлеуметтің әртүрлі санаттарымен, қоғамдық және саяси ұйымдармен, билік құрылымдарымен диалогқа түсу қабілеті дамиды,  даулы мәселелерді сындарлы шешу іскерлігі жетіледі.

Сабақтарды ұйымдастыру кезінде сабақта және сабақтан тыс қызметте біртұтас қарастырылатын құқықтық білімді құрайтын жүйелік-әрекеттік тәсіл өте маңызды.

 Бұл тұрғыда әдәстемелік сипаттағы, мазмұндық ақпараттық байланысты көздейтін оқыту принципі ретінде полипәнді тәсіл өзекті болуда.

Оқушылардың танымдық қызметін ынталандыратын оқытудың тиімді технологияларын, белсенді және өте белсенді нысандарын пайдалану арқылы әлеуметтік құқытық салдада интеграцияның процессуальдық аспектісі іске асырылуда.

Жұмыстың жеке, топтық түрлерін, зертханалық-практикалық сабақтарды, дискуссияларды, іскерлік ойындарды пайдалану, шығармашылық жобаларға қатысу, құқықтық сипаттағы нақты жағдайларды талдау сабақтардың практикалық бағытын күшейтеді, күнделікті өмірде заңға қайшы келетін іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл жасаудың тиімді жолдарын жасауға көмектеседі

Сонымен қатар, Жалпы білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытындағы және Адам. Қоғам. Құқық жалпы орта білім беру деңгейіндегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптар үшін оқу бағдарламасына сәйкес 10-сыныпта оқу үшін «Қоғамдық қатынастағы құқықтық реттеу» (10 сағат), 11-сыныпта «Заңға кіріспе» (6 сағат) бөлінді.

Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру және құқықтық білімін арттыру негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы                     23 қарашадағы №668 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізгі білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқу жүктемесі 9- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу шеңберінде Үлгілік оқу жоспары жобасында 11-сыныптар үшін «Құқық негіздері» пәнін оқыту көзделген: (қоғамдық-гуманитарлық бағытта – аптасына 3 сағат, жаратылыстану-математикалық бағытта – аптасына 2 сағат. Аталған пәндер «таңдау бойынша пәндер» бөлімінде таратылып көрсетілген.

Министрлік «Өрлеу» бірлесіп педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының құқықтық құзыреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасын әзірлеуде.

Бағдарлама ТжКБ ұйым басшыларының құқықтық құзыреттілік негізінде ұйымдастырушылық-басқарушылық шеберлігін жетілдіруіне бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты ТжКБ ұйымдары басшыларының құқықтық мәселелер және білім беру саласындағы заңнама бойынша құзыреттілігін дамыту табылады.

Бағдарламаның міндеттері:

1) ТжКБ басқаруға арналған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді зерделеу;

2) ТжКБ саласындағы қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің нақты ерекшеліктері бойынша білімдерін кеңейту;

3) білім беру саласындағы құқықтық мәселелер мен заңнама бойынша колледж басшыларының кәсіби құзырлылығын арттыру;

4) ТжКБ саласындағы қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің жүзеге асыру білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;

5) ТжКБ саласындағы қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілердің орындалуын басқару мен бақылау бойынша тәсілдерін қалыптастыру.

Аталған курстар аясындағы білім беру процесі оқытудың интерактивті әдістері арқылы жүзеге асырылады: практикалық жұмыс, тренинг, шеберлік сыныбы, конференция, дөңгелек үстел, кейс әдісі, бейнефильмдерді талқылау немесе мәселені бірлесіп талқылау.

Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін қорытынды бақылауға сәйкес Бағдарлама мазмұнын игерудің параметрлері мен бағалау критерийлері жасалады және олар курстың ОӘК беріледі.

          Жоғарғы оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейту шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы қаулысымен Жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жалпыға міндетті цикл пәндерін қысқарту бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

          Таңдау компоненті ЖМП цикл пәндерінің жалпы көлемінен 9-дан кем емес кредитті құрайды. Мамандыққа байланысты жоғары оқу орындары келесі пәндерді өз еріктерімен қосады: экология және тұрақты даму, саясаттану, әлеуметтану, экономика негіздері, құқық негіздері, қауіпсіз өмір сүру негіздері, мәдениеттану, өзін-өзі тану, психология.

          Жоғары оқу орындарында білім алушылардың бойында кәсіпкерлік білім негіздерін қалыптастыру, экономикалық білімдерін жетілдіру және әлеуметтік бейімдеу мақсатында тұтынушылық мәдениетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Кәсіпкерлік құқық негіздері мен кәсіпкерлік мәдениеті «Құқық негіздері», «Экономика негіздері теориясы» пәндерінің мазмұнына енгізілді.

          Сонымен қатар, қазіргі кезде ЖОО оқу-әдістемелік бірлестіктер «Құқық», «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес», «Қызмет» бағыттарында кәсіпкерлік білім беру мен элективті курстар тізбесін кеңейту бойынша оқу-әдістемелік материалдарды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

          Сондай-ақ, үлгілік оқу жоспарларына келесі пәндер енгізілді: «Экономика» мамандығы  (бакалавриат) бойынша  – «Кәсіпкерлік», «Кәсіпкерлік кызмет тәуекелі», «Қаржы» мамандығы (бакалавриат)  бойынша – «Салық және салық салу», «Шаруашылық субьектілері салықтары», «Салықтық әкімшілік». Осы пәндердің мазмұндары алда жетілдірілетін болады.

          Сонымен бірге, жоғары оқу орындарында тұтынушылық құқық пен тұтынушылық мәдениет негіздері «Құқық негіздері», «Экономикалық құқық негіздері» пәндерінің мазмұнына енгізілген. Осы пәндер шеңберінде  қоғамның әлеуметтік және экономикалық жүйесінде адамның тұтынушы ретіндегі орны, тұтынушылық мәселелерді шешу әдістері, тұтынушының құқығын қорғау жүйесінің рөлі және жұмыс істеуі.