Новый формат ЕНТ

Білім беру жинағы және кредиті

25 қазан 2016

Білім беру депозиті және кредиті

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі: білім алу үшін тиімді жинақ

Кеше ғана қамқор ата-аналар балаларын жаңа оқу жылына дайындау үшін ұзын сонар кезекке тұрып, мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтарын алып әуре-сарсанға түсті.    

Бірнеше жылдан соң бала мектеп бітірген кезде сол ата-ананың уайымы одан бетер күшейе түспек, өйткені ол кезде ата-ана үшін перзентінің мамандық алуы, оның колледжде немесе ЖОО-да оқуына ақы төлеу басты мәселеге айналары сөзсіз.

Осы өзекті мәселені шешуге көмек ретінде елімізде 4 жылдан аса уақыттан бері азаматтарымызға банкте білім беру жинақтау депозитін ашып, әрі қарай мемлекеттің қолдауымен болашақта білім алу үшін қаражат жинақтауға мүмкіндік беретін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Қазақстанның он мыңдаған азаматы өзінің немесе баласының Қазақстанның не шетел колледжінде/ЖОО-да оқуын төлеуге мақсатты түрде қаражат жинауда. 

Білім беру жинақтау депозитін ашудың тиімділігі:

  1. 14% банк сыйақысы мен 5-7% мемлекет сыйлықақысының есебінен жинағыңыздың табыстылық мөлшері 19-21% болады.
  2. Балаңыз мектепті бітірген сәтте оның оқуын толық немесе ішінара төлеуге қажетті сомаңыз дайын болады. Нәтижесінде, ертеңгі күніңізге уайымдамайсыз, сенімді боласыз. 
  3. Балаңыздың грантқа ғана үміттенбей, қалаған мамандығын таңдау мүмкіндігіне ие болуы өте маңызды. Алайда, егер ол грантқа іліксе, жинақталған қаражатты мемлекеттің сыйлықақысын сақтай отырып, кез-келген мақсатта жұмсауға болады, қаласа, басқа баланың атына аударуға немесе оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыру үшін жинақтауды жалғастыруға ерікті.
  4. Сіздің жинақтарыңыз 10 млн.теңгеге дейін Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қорымен қорғалған. Бұған қоса, мемлекет сыйлықақысы салықтан босатылған.
  5. Білім беру жинақтау салымы салымшының кез келген борыш түрлері бойынша акцептісіз есептен шығарудан толықтай қорғалған.

 

Депозит ашу үшін нені білген жөн:

Шарттары/МБЖЖ бойынша серіктес банктер  

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

«Нұрбанк» АҚ

«Цеснабанк» АҚ

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ

Салым бойынша банктің сыйақысы (ЖТСМ)

12,3%

14%

13,5%

9,4%

Минималды бастапқы жарна

15 000 теңге

3 АЕК

Қажетті құжаттар

Екі ата-ананың жеке куәлігі және баланың туу туралы куәлігі

Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі және баланың туу туралы куәлігі

 Депозитті толтырудың минималды сомасы

10000 теңге

Шектеусіз

Жарналарды енгізу мерзімділігі

Салымшының қалауы бойынша

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда

Call-орталық 8 (800) 080-28-28 (ТЕГІН)

8 (7172) 695037, 695045 (іш.191,158,116,114)

 

Веб-сайт: www.fincenter.kz

 

 

Толығырақ ақпарат алу үшін http://www.fincenter.kz/gosudarstvennaya-sistema/ сілтемесі бойынша өту қажет.

 

Білім беру кредиті – оқу ақысын төлеудің балама мүмкіндігі.

2005 жылдан бастап «Қаржы орталығы» АҚ екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, Білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасын іске асырады.

Қаржы орталығының кепіл болуымен ұсынылатын білім беру кредиттері талапкерлерге де, Қазақстанның бүкіл ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу үлгісіндегі студенттеріне де беріледі.

Қазіргі таңда білім беру кредиттері Қаржы орталығымен серіктес банктерде әр түрлі шарттарда ұсынылады. Бағдарламаның қолданылу ауқымы кең, серіктес банктер Республиканың барлық аймақтарында жұмыс жасайды.

Кредиттің берілу механизмі бірдей: қарыз алушы банктен кеңес алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады.

Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады.

Кредиттің сомасы шектелмеген, бастысы – оқудың барлық кезеңі үшін жалпы оқу құнынан аспау керек.

Сонымен қатар, жеңілдікті кезеңнің бар екендігін айта кету керек, яғни оқу кезінде және оқуды бітіргеннен кейін 6 айға дейін кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Кредитті мерзімінен бұрын өтеу кез келген уақытта жүзеге асырылады және ол үшін ешқандай айыппұл санкциялары өндірілмейді.

Білім беру кредиттерін кепілдендіру мемлекеттік бағдарламасының көмегімен студент өз болашағын өз күшімен жоспарлай алады.

 

 

Кредит алу үшін нені білген жөн:

Шарттары/МБК бойынша серіктес банктер  

«Ресей Жинақ банкі» АҚ

«Нұрбанк» АҚ

«Tengri bank» АҚ

АО «Forte Bank»
Нархоз университетінің студенттері үшін (Астана, Алматы)

Пайыздық мөлшерлемесі

16,5% 
 (нақты ≈ 19,5% бастап)

20%
 (нақты ≈ 22,5%)

20%
 (нақты ≈ 22,3%)

10%
 (нақты ≈ 11%)

Кредиттің мерзімі

12 жылға дейін

 10 жылға дейін

10 жылға дейін

                       10 жылға дейін

Қамтамасыз ету

- кепілзат қажет емес;

- 1 немесе 2 кепілгердің  (ҚР аумағында тұратын жақын туысы) болуы

- кепілзат қажет емес;

- егер қарыз алушы өзінің төлеуге қабілеттілігін растай алмаса, 1 немесе 2 кепілгердің (ҚР аумағында тұратын жақын туысы) тарту қажет

- кепілзат қажет емес;

Қарыз алушының табысы болмаған жағдайда 1 немесе 2 кепілгерді (ҚР аумағында тұратын жақын туысы) тарту қажет

 - кепілзат қажет емес;

- 1 немесе 2 кепілгердің (ҚР аумағында тұратын жақын туысы) болуы

Оқу нысаны орма

бакалавр
магистр
күндізгі

күндіз

кешкі

бакалавр
күндізгі

сырттай

күндіз

кешкі

Колледждерде оқу шектеусіз

ЖОО-ларда оқу шектеусіз

ЖОО-ларда оқу шектеусіз

Жеңілдікті кезең

Оқу кезінде және оқуды бітіргеннен кейін 6 ай КРЕДИТТІҢ НЕГІЗГІ СОМАСЫН ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ ЕМЕС, кредит бойынша пайыздарды ғана төлеңіз!

Үлгерімі

- ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша 50 балдан төмен емес;

- бесбалдық жүйемен ағымдағы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша 3,5 балдан төмен емес;

- кредиттік жүйемен ағымдағы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша 1,33 балдан төмен емес.

Мерзімінен бұрын өтеу

                                                                Айыппұл санкцияларынсыз

Толығырақ ақпарат алу үшін  http://www.fincenter.kz/obrazovatelnye-kredity/ сілтемесі бойынша өту қажет.

Анықтама үшін:

«Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы   1 маусымдағы № 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру жолымен құрылды.

«Қаржы орталығы» АҚ қызметiнiң негізгi мәнi ақшалай нысанда орындалуды көздейтiн қаржы ұйымдары ұсынатын білім беру кредиттері бойынша кепiлдіктер беру, сондай-ақ бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады.