Новый формат ЕНТ

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды

08 желтоқсан 2014

ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов Мемлекет басшысын ЖОО жетістіктерімен және келешек даму жоспарымен егжей-тегжейлі таныстырып, мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде 500 млн. АҚШ долларынан астам шетелдік инвестициялар тартылып отырған медика-биологиялық және инновациялық кластерлерді құру бойынша жобалардың жүзеге асырылуы жайлы айтып берді.

Медика-биологиялық кластер құру.

ҚазҰУ-да медика-биологиялық кластер құру бастамасы қойылған. Оңтүстік кореялық серіктестермен медициналық диагностикалық орталықты ашу жобаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Ол кампус аумағындағы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының ортасында 2400 шаршы метрді алып орналасқан. Мұнда оқытушылар мен студенттер ең заманауи жоғары технологиялық құрылғыларда әлемдік сапа талаптарына сай медициналық қызметтер алуда. Инвестиция сомасы 1,2 млрд. теңгені құрайды.

2015 жылдың мамыр айында медика-биологиялық кластер құрудың екінші кезеңі – 500 орынға арналған заманауи клиника мен ғылыми-зерттеу лабораториясы құрылысына кірісу жоспарлануда.

Инновациялық кластер құру.

ҚазҰУ-дың тағы бір көлемді жобасы – «Алатау» инновациялық технологиялар паркімен әріптестік арқылы іске асатын «Инжиниринг және ғылымды көп қажет ететін  технология» инновациялық кластерін жасау.

Технопарктің, бизнес-инкубатордың, өндіріс орталығының, ҒЗИ зерттеу корпустарының және 1500 орынды студенттер мен жас ғалымдарға арналған ыңғайлы жатақхана құрылысына 9,5 млрд. теңге қаржы құйылады. 

 «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы(СҚКО) ҚазҰУ инновациялық инфрақұрылымының маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Бұл – жалпы көлемі 7300 шаршы метр болатын, бәрі студенттерге қолайлы әрі жайлы болу үшін жасалған әлемде теңдесі жоқ бірегей орталық. Жарық әрі кең ғимаратта көптеген кеңселер мен бөлмелер орналасқан.  Студенттер барлық қызметтерді «бір терезе» принципі бойынша ең қысқа мерзімде алады.

Әлеуметтік жобалар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттердің күнделікті әлеуметтік мәселелерін шешуге, жақсы оқуы және ғылыммен айналысуы үшін жайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Мысалы, осы оқу жылында журналистика факультетіне арналған 260 орындық жаңа жатақхана қолдануға берілді.

Магистранттар мен докторанттарға арналған 500 орынды аса жайлы ғалымдар үйі салынды.

«Аl-Farabi university smart city» жобасы.

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаңа білім, озық идеялар мен технологиялар жүзеге асатын ғылыми-білім беру және инновациялық ірі орталық.Президент Жолдауында қойылған тапсырмалар: әлемнің үздік ЖОО-лары рейтингісіне ену, инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің нәтижесін өндіріске енгізу университет үшін басты бағыт болып табылады.