Новый формат ЕНТ

Орталық коммуникациялар қызметінде жұртшылықты Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын енгізу жөнінде ақпараттандыру мақсатындағы брифинг өтті

11 қараша 2016

Брифингке ҚР БҒМ білім және ғылым саласында бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмет-Зәки. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының басқарма басшысы Гүлжан Пірімбетова қатысты.

Нұрбек Оршубеков 2004 жылдан бері қолданыста болып келген ҰБТ формасы бойынша бірқатар статистикалық мәліметтерді келтіріп, оның мектеп түлектерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау және жоғары оқу орнына түсу емтихандарын қиыстырғанын атап өтті. Сонымен қатар ол 2004 жылдан бастап ҰБТ мақсаттылығы мен объективтілігі туралы пікірталастардың толастамай келгенін жеткізді.

Ескі модель мен «жанды» емтихандарды жақтаушылардың алға тартқан субъективті факторлары туралы баяндап, Н. Оршубеков БҒМ-нің 2013 жылдан бастап осы мәселені жан-жақты зерделеп, педагогикалық және ата-аналар қауымдастықтарымен, сондай-ақ мектеп бітірушілермен көптеген кездесулер өткізіп келгені туралы айтты.

ҰБТ белгілі бір кезеңде білім алушылардың білімін бағалау құралы ретінде өзіне жүктелген міндетін атқарды деп айта аламыз. Сонымен қатар бүгінгі уақытта:

- бір емтиханда екі педагогикалық тапсырманы біріктіру ҰБТ-ны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ең төменгі талаптары бойынша әзірлеуге әкеледі, яғни мектептердің түрлерін ескермей, пәндерді тереңдете оқитын және қарапайым мектептер білім алушыларын бірдей тапсырмалармен бағалайды.

-        орта мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауына жалпы талдау қиын болады (яғни, ҰБТ және ҰБТ-ға қатыспайтын бітірушілердің дәстүрлі емтихандары нәтижелеріне негізделген жиынтық талдау);

-        ҰБТ қорытындысы мектептің білім қызметі сапасын объективті бағалай алмайды. Осыған бірден-бір себеп – тестілеуге төмен деңгейде білім алған оқушы да, олимпиада немесе ғылыми жарыстардың жеңімпаздары да бірдей қатысатындықтары.

Сонымен қатар, министрлік қоғамдық сауалнама жүргізді. Оған 10 мыңнан астам мұғалім, ата-ана, түлектер, үкіметтік емес ұйымдар тартылып, нәтижесінде ҰБТ-ға қатысты маңызды проблемалар анықтауға септігін тигізді.

Біріншіден, қоғам ҰБТ-ны тек қана жоғары оқу орнына түсу емтиханы ретінде қабылдағаны анықталды. ҰБТ алғашқы күнінен бастап, өзінің қорытынды аттестаттау функциясын орындамай отыр. Тестілеуге ешқашан 100 пайыз түлектер қатысқан емес. Және де жыл сайын оған қатыспайтын балалардың саны 30 пайызға жетіп, артуда.

Осыған байланысты министірлік 2 бағытта жұмыс жүргізді:

1.      Бұл емтихандардың 2-ге бөлінуі, яғни мектеп бітіру емтиханына және ҰБТ-ның өзі. ҰБТ-ны ЖОО-ға түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды тағайындау жүйесі ретінде қалдыру ұсынылды.

2.      ҰБТ құрылымының өзгеруі.

Министрлік жүргізген ауқымды талдамалық жұмыс аясында өңірлерге шыға отырып мұғалімдермен, білім саласы мамандарымен және ата-аналармен 30 кеңес өткізілді. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде, ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу туралы шешім қабылданды.

 Қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы, ал ҰБТ – ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде бөлек өткізілмек. Қорытынды аттестаттау мектепте 5 пән бойынша (4 – міндетті және 1 – таңдау бойынша), мектептегі оқыту бейіні ескеріле отырып (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт) өткізіледі.

Түлектер барлық емтихандарды мектепте тапсырады.

Мектептерде осындай емтихандар қазіргі уақытта да өткізіліп келеді – оны ҰБТ-ға бармайтындардың тапсырып жүргені мұғалімдер мен оқушыларға мәлім. Атап өтерлік өзгеріс сұрақтарды кімдердің дайындауында болғанына байланысты – бұрын тест сұрақтарын облыстық білім басқармалары дайындаса, енді бұл міндет Ұлттық тестілеу орталығына жүктелмек. Тест сұрақтары негізінен дайын.

 «Алтын Белгi» беруді мектептердің өздері жүзеге асыратын болады.  ҰБТ-да «Алтын Белгiні» растау қажет етілмейді. 

Ұлттық бірыңғай тест ЖОО-ға түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде сақталады. ҰБТ-ның тек форматы өзгертілмек. Егер бұрын 5 пән бойынша 125 сұрақ болса, енді 4 пән бойынша 100 сұрағы есепке алынады.

 2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 5 пән бойынша 120 сұрақ, оның 3-і міндетті және 2-і бейіні бойынша талапкердің ЖОО-ға тапсыратын мамандығына байланысты. Жалпы 120 сұрақ есептелінеді.

Тестілеу уақыты бұрынғыдай, 3 сағат 30 минут – өзгеріссіз қалдырылып отыр. Белгіленіп отырған төменгі шекті деңгей де  өзгеріссіз қалады – 50 балл. ҰБТ ел өңірлерінің бүкіл аудандарын қамтыған 165 ҰБТӨП аясында өткізіледі.

Осылайша, ЖОО-ның  барлық 175 мамандығы бейінді пәндер шегінде 10 комбинацияға бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші өзі таңдауы тиіс, қай ЖОО-на тапсыратынына  байланысты мамандығын анықтау үшін. Мысалы, математиканы тапсыру кезінде + физика, талапкердің 52 мамандықты таңдауға мүмкіндігі бар. 4 ЖОО-ны таңдау мүмкіндігі сол күйінше қалады.

ҰБТ-ны тапсыру мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы (ҰБТ). 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ, колледждерді бітірушілер үшін ТКТ форматы өзгереді. Проблема бірнеше рет көтеріліп, егжей-тегжейлі талқыланған. Бүгінде колледж бітірушілері соңғы оқу жылында оқытылмайтын пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.

Колледждер  бұрыннан жеке емтиханды талап етіп келген. Осы талаптар ескеріліп, келесі жылдан бастап енгізілгелі тұр. ТКТ-ның жаңа форматы бойынша колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні бойынша оқитын болса. Мысалы, педагогикалық мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне арналған. Бейінді өзгерткен жағдайда ҰБТ тапсырады. Тесітлеу уақыты – 100 минут.

Жалпы көтеріліп отырған мәселелер  мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен кеңінен талқыланған. ҰБТ-ның форматына және мектеп бітірушілердің қорытынды аттестациясына қатысты біздің ұстанымымызды әкімдіктер, білім басқармалары, ҰҚК, ІІМ де қолдады.

Осы тұрғыдан барлық мәселелер егжей-тегжейлі пысықталды. Білім және ғылым министрлігі кең көлемдегі түсіндірме жұмысын бастауға, бітіру емтихандары, ҰБТ және КТ ретіндегі байқау тестін өткізу жұмысын реттеуге дайын.

Анықтама ретінде: 2016 жылғы барлық бітірушілер саны 121092, оның ҰБТ-ға 84042 қатысты. ТКТ-ға 74881 қатысты, оның 59480 колледж бітірушілері. 2017 жылға (болжам): бітірушілер саны 137715. Тестілеуге 156400 қатысады деп күтілуде, оның ішінде  96400 (70%) мектеп бітірушілер және 60000 колледж бітірушілері.