ҰБТ-ның жаңа форматы

Министр жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

01 қыркүйек 2016

Білім күні ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінде болды.

Ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, министр мемлекет тарапынан сапалы білім алуға барлық жағдай жасалып жатқандығын айтты. Салтанатты шарадан кейін Е.Сағадиев мектептің робототехника және арнайы жабдықталған медиа сыныптарымен танысты. Сонымен қатар ол 1-сынып оқушыларының алғашқы сабағына қатыстып, оқуларына табыс тіледі.