ҰБТ-ның жаңа форматы

TechGeneration техникалық шығармашылық фестивалі өтеді

16 маусым 2017

 

TechGeneration техникалық шығармашылық фестивалі

 «Шеврон» компаниясының демеушілігімен өтеді

Астана, Қазақстан, 17 маусым 2017 ж. (М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, 9.00 – 18.00) «ҚазРоботикс» қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, сондай-ақ  «Шеврон» компаниясы, Америкалық бұрыш және Мейкер Спейс Астана, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының қолдауымен TechGeneration техникалық шығармашылық фестивалі аясында Астана қаласының робот техникасы бойынша іріктеу чемпионаты өтеді. Фестиваль барысында қызықты роботтар “жекпе-жегі”, минидрондар жарысы, робот сумо күресшілерінің айқасы; LittleBits, 3D басып шығару, жел диірмендерін, күн батареяларын және физикалық тізбектер макеттерін жинау бойынша шеберлік сыныптары өтеді.

 

Бұл шара әлдеқашан жұмысын бастап, қазақстандықтарға жоғары технологиялар саласындағы қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерін көруге айрықша мүмкіндік берген  «Астана ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіне орай ұйымдастырылып отыр. Қазақстандық оқушылар да отандық технологиялардың дамуына өз үлесін қосуда, олар көптеген биіктерді бағындырып үлгерді және робот техникасы саласында жұмыстарын лайықты деңгейде ұсына алады.

                                                                                                       

«Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестиция бағдарламалары жөніндегі супервайзері Лейла Айтмуханова: «Шеврон» компаниясы Қазақстанға келген алғашқы күнінен бастап жергілікті халықтың шығармашылық және техникалық дамуына үлкен мән беруде. Әлеуметтік инвестициялар аясында біз жастарға арналған көптеген техникалық білім бағдарламаларын қолдаймыз, соның ішінде, интерактивті жоба жасауға бағдарланған нақты ғылымдарының мүмкіндіктерін көрсету арқылы Қазақстан жастарына кәсіп анықтауға көмек болатын осы жобаны қаржыландырып отырмыз», - деп атап өтті.

 

Чемпионаттың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы «ҚазРоботикс» қоғамдық бірлестігі 2015 жылдың маусымынан бері қызмет етіп келеді және Қазақстанның жас робот техниктерін біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Федерация мүшелері қоғамдық жұмыспен айналысуда, олар – өз еліне инженерлік-техникалық кадрлардың жаңа буынын әзірлеуге көмектескісі келетін белсенді азаматтар мен энтузиастар.

 

«ЭКСПО-2017 көрмесінде АҚШ павильоны ұсынған «Таусылмас қуат қайнар көзі» тақырыбын осы робот техникасы чемпионаты да жақсы бейнелейді. Біздің ойымызша таусылмайтын қуат көзі – адамдар, біз және балаларымыз. Дарынды қазақстандық және америкалық жастар өз күштерін жұмылдырғанда, олар ғасырдың ең қиын мәселелерін шешіп, соның ішінде болашақтың энергиясымен қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыра алатынына кәміл сенеміз», — деді ҚР-ғы АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы Рэн Эльхай. «Біз жарыстың спорттық рухы жастарды әлемді өзгертетін идеялар туралы ойлануға ынталандырады деп үміттенеміз».

 

Федерация президенті Айжан Жекееваның айтуынша, «KazRoboSport-2017» чемпионаты үш жас тобы арасында келесі санаттар бойынша өтеді:       

  1. Кедергілі жолмен жарыс – кіші және үлкен жастағы топтар.
  2. Кегельринг квадро – кіші және үлкен жастағы топтар.
  3. Робосумо: мини– кіші жастағы топ, адымдаушылар – үлкен жас тобы.
  4. Робофутбол – жалпы жас тобы.
  5. Биатлон – кіші және үлкен жастағы топтар.

 

Федерацияның Астанадағы филиалының директоры Михаил Малородтың айтуынша іріктеу жарыстарына 100-ден астам бала (соның ішінде Ақмола облысынан) қатысады деп күтілуде. «Федерация спорттық жарыстарды қоспағанда, робот техникасы бойынша шығармашылық жобалардың «KazRoboProject-2017» конкурсын өткізеді. Балалар түрлі роботтарды ұсынуда, олардың арасында «Экологиялық робот», «Күн панельдерін автоматты реттеу жүйесі», «Қоқыс ыдыстарының толғанын автоматты хабарлау», «Үй роботтары» және басқалар бар»,- дейді ол.

 

Іріктеу Қазақстан Республикасының әкімшілік аймақтық орталықтарында өтеді. Іріктеу чемпионатына қатысу тегін. Жеңімпаздар Федерацияның дипломдарын алады және 2017 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе қаласында өтеді деп жоспарланып отырған республикалық «KazRobotics-2017» конкурсында аймақтың намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

 

 

Байланыс:   

Зарина Каримова

ҚР-дағы АҚШ елшілігі

Америкалық бұрыштар бағдарламасының координаторы       

+7 7172 70 2115

+7 777 537 5001

KarimovaZ@state.gov

 

Айжан Жекеева

«ҚазРоботикс» қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы»

РҚБ президенті

+7 701 411 04 24

aizhan.zhekeeva@kazrobotics.org

www.kazrobotics.org