ҰБТ-ның жаңа форматы

“Елорда мақтанышы” “Алтын белгі” иегерлерін, ҰБТ нәтижесі бойынша үздік балл жинаған үміткерлерді және халықаралық, республикалық олимпиада жеңімпаздары атанған

27 маусым 2017

28 маусым 2017 жыл                  19.00                Астана қаласы әкімдігі  ғимараты алдындағы алаң

 

2017 жылдың 28 маусым күні Елордамызда оқуда озат болған “Алтын белгі” иегерлерін, халықаралық, республикалық олимпиада мен турнир жеңімпаздары атанған түлектерді құрметтеу мақсатында “Елорда мақтанышы” мерекелік рәсімі өтеді.

Іс-шара мақсаты - Елордамыздағы талантты оқушыларға қолдау және салтанатты түрде құрмет көрсету.

Қала әкімі Әсет Исекешев «Алтын белгi» төс белгісінің иегерлерін, ҰБТ нәтижесі бойынша үздік балл жинаған үміткерлерді, Астана қаласының намысын халықаралық байқауларда қорғап, жеңіске жеткен жеңімпаз-түлектер мен Балалар үйінің тәрбиеленушілерін салтанатты түрде құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстайды.

 

Мерекелік марапаттау сәті Астана қаласы әкімдігі ғимараты алдындағы алаңында ұйымдастырылып, екі бөлімнен тұратын болады: марапаттау рәсімі және отандық әншілер мен топтардың концерті.

 

Анықтама үшін: 2016-2017 оқу жылында 4978 11 сынып түлек мектеп бітірді. Оның ішінде: 213 оқушы - «Алтын белгi» төс белгісінің иегерлері, 49 оқушы - халықаралық байқау, турнир мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары, 4 оқушы - Балалар үйінің тәрбиеленушілері.

 

Елордалық мектеп оқушылары 11 жыл қатарынан мақтанышпен “Қазақстан Республикасының Үздік олимпиада командасы” атағын көтеріп келеді.

Осы оқу жылында 274 бала халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, қала қоржынын 65 алтын, 89 күміс және 120 қола медальдармен толықтырды.

 

Іс-шара ұйымдастырушысы: Астана қаласының Білім басқармасы.

Қосымша ақпарат үшін: 55-68-53, 87787887647