ҰБТ-ның жаңа форматы

Астанада ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында«Ғылым мен Бизнес Ынтымақтастығы» халықаралық форумы өтеді

29 маусым 2017

Шараның өтетін мерзімі және орыны: 30 маусым, сағат 10:00-де, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (Тұңғыш Президент залы)

 

30 маусым күні Астана ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Ғылым мен Бизнес Ынтымақтастығы» халықаралық форумы өтеді. 

Айтуылы шараны «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастыруда. 

Форумның басты мақсаты – ғылым мен бизнес арасын жандандыру, ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін кеңейтіп, ынтанландыру, ғылыми-зерттеулер мен рейтингі жоғары шетелдің ғылыми журналдарына жариялантаны ғылыми мақалалардың сапасын арттыру болып табылады.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым комитетінің басшылары,  Springer Nature, Clarivate Analytics, Яндекс, РосАтом, Еуразия патенттік ұйымының өкілдері және Қазақстанның ғылым-білім мекемелері қатысады.

Басқосу аясында арнайы талқылаулар өтіп, отандық және шетелдік мамандар баяндамалар жасап, панельді пікір алмасулар өтеді. Пікір алмасулар төмендегі тақырыптарды қамтиды:

 - «Ғылым мен Бизнес Ынтымақтастығы» алаңында «Үшінші жаңғыру және ҚР Ұлттық Технологиялық Бастамалары аясында ақпараттық жүйелердің қорғау, басқару және сараптау»

- Болашақ энергиясын дамытуда заманауи зерттеулер және болжамдар

- Халықаралық патенттеу – ІТ нарықыта инновациялық жетістіктің маңызды факторы

Салтанатты шараның ашылуы барысында еліміздегі «жасыл» энергетика саласын зерттеп, дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар марапатталады. Марапаттауда ғалымдардың «жасыл» энергетика саласы бойынша жоғары сілтемеге ие болған ғылыми мақалалары назарға алынады.  

1. Заядан Болатхан, биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

2. Шынтеміров Алмас, техника ғылымдарының кандидаты,  PhD (Ливерпуль университеті), Назарбаев Университетінің Робот техникасы зертханасының жетекшісі 

3. Тен Виктор, «Назарбаев Университетінің» оқытушысы

4. Ибраев Ниязбек, физика-математика ғылымдарының докторы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің профессоры

5. Божко Лариса, Рудный индустриалды университетінің оқы ісі және ғылымыи жұмыстар жөніндегі проректоры

6. Хабдуллин Әсет, Рудный индустриалды университеті энергетика және ақпараттық жүйелер факультетінің деканы

7. Хабдуллина Зәуреш, Рудный индустриалды университеті электрэнерегиясы және жылу энергетикасы кафедарасының жетекшісі.

 8. Тоқмолдин Нұрлан, физика-техника институты

Форум жұмысы аясында Springer Nature және Clarivate Analytics компаниясының өкілдері ізденуші ғалымдар үшін ғылыми журналдарды таңдау, авторлық инструкциясы, сапалы ғылыми мақала дайындаудың жолдары, құрылымдық ғылыми мақалалармен жұмыс істеудің тәртібі, зерттеу жұмысының қорытындысын қорыту (кесте, гарафика, мәліметтер), ғылыми журналдармен хат алмасу сынды маңызды бағыттар бойынша семинар ұйымдастырады.

БАҚ өкілдері шараға қатысу үшін төмендегі байланыстар бойынша тіркеле алады.

Алтынгүл Жаңабай: тел: 8 (705) 120 64 19, janabayrocks@gmail.com