ҰБТ-ның жаңа форматы

Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжіндегі пресс-тур жайлы

18 мамыр 2017

2017 жылғы 23 мамырда сағат 10:00-де Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде БАҚ өкілдерінің, сонымен қатар өз жұмыстарына колледж студенттері арасынан таңдау жасайтын танымал рестораторлар, мейманхана ісінің шеберлері, туризм саласы мамандарының қатысуымен пресс-тур өтеді.

Пресс-турдың басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарына деген қажеттіліктер туралы айту және көрсету, білім берудегі жаңа әдістер, оқу процесіне технологиялық тәсілдер және білім беру сапасы. Колледж оқушылары алған мамндықтары жайлы баяндайды, алған дағдыларын, өз мүмкіндіктері мен шеберліктерін көрсетеді. Пресс-тур қонақтарының дегустация жасауға және колледж оқушыларының шеберліктеріне баға беруге мүмкіндіктері бар. Интерактивті оқу процесінің қатысушысы – колледж оқушыларымен жүргізілген қонақ үй бизнесі клиенттеріне қызмет көрсету, үстелді жабдықтау деңгейі, тағамды кәсіби ұсыну, өзіңде барлық қызмет көрсету процесін сезіну, Алматы қаласы бойынша виртуальді саяхат куәгері болады.

Жұмысшы мамандықтарына саяхат аяқталғаннан кейін колледж ұстаздарына, жұмыс берушілерге және Білім және ғылым министрлігі өкілдеріне қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып жауаптар алады. Заманауи қазақстандық қоғамның басты мәселесі – еңбек нарығында кәсіби дайындалған жұмысшылардың аздығы құпия емес, осындай колледждердің арқасында мыңдаған мектеп түлектерінде өзін өмір бойы асырайтын мамандықты алуға мүмкіндіктері бар. Бұл экономиканың дамуымен қатар еліміздің тұлғалық капиталының дамуында үлкен үлес. Сол себепті «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын жүзеге асыру – бұл заманға сай тренд және өмір қажеттілігі. Жоба мақсаты – жұмысшы кадрларды даярлау сапасын жоғарылату және Қазақстанның кез келген азаматына әр түрлі жастағы маманға қажетті жұмысшы мамандығын алуға, тұрақты табыс тауып өз өмірін жақсартуға мүмкіндік беру. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы туралы толығырақ ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті директоры Насымжан Оспанова баяндайды.

Аккредитация және басқа сұрақтар бойынша 2017 жылғы 22 мамыр сағат 18:00-ге дейін +7701 256 1890, +7701 448 0838 байланыс телефондары арқылы және askar@media-agency.kz, pressa.edu@gmail.com электронды пошталары арқылы хабарласуға болады.

Анықтама:

Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі Қазақстан Республикасының кәсіптік - техникалық білім беру мекемелерінің ішіндегі озық оқу орындарының қатарында. Колледж 50 жыл бойы білім беруде үздіксіз қызмет етуде. Қонақ үй бизнесі, мейрамхана бизнесі, тағам және өндіріс салаларына жоғары білікті маман даярлауда.

Колледждің жарты ғасырлық қызметінде 40 мыңнан астам жұмысшы және қызмет көрсету саласына мамандар даярланды. Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің тарихы 1961 жылы негізі қаланған сауда-аспаздық мектебінен бастау алады.

Соңғы 4 жыл ішінде 3840 орындық 8 колледж салынды.

Қазақстан Республикасының Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2900 орындық 4 колледждің, 520 орындық 3 жатақхананың құрылысы және қайта құруы қарастырылған.

Жалпы алғанда, колледждердің инфрақұрылымы айтарлықтай дамыған.

Колледждер 213 мамандық және 703 құзыреттілік бойынша маман даярлауда.

Білім алушылардың жалпы саны республика бойынша 489,1 мың адамды құрайды. Оның ішінде 98,6 мың (20,2%) адам жұмысшы құзыреттілігін алып шықса, 390,5 мың (79,8%) адам орта буын мамандықтары бойынша білім алуда.

Кадрлар даярлау мемлекеттік тапсырыс бойынша 244,9 мың (50,1%) және ақылы негізде 244,3 мың (49,9%) адамды құрайды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысының қалыптасуы аймақтардың еңбек нарығының сұранысы мен мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың іске асуының есепке алынуы арқылы жүргізілуде.

Қазіргі таңда кадр дайындаудың құрылымы 238,3 мың (49%) адамды құрайды. Ол негізінен техникалық және технологиялық, ауылшаруышалық мамандықтары бойынша білім алып жатқандар.

Жоба қатысушыларын анықтау мақсатында соңғы 3 жылдағы мектеп түлектері бойынша талдау жүргізілді. Соңғы 3 жылда орта есеппен 9-шы сынып түлектерінің саны 220 мыңды құрап отыр. Оның ішінде 135 мың оқушы ЖОО-ға түсу мақсатында мектепте оқуларын жалғастырды.

9 сыныптан кейін колледжге түскен оқушылардың саны 85 мыңға жеткен.   11-ші сыныптан кейін колледжге түскен түлектер саны 33 мыңды құрады.