ҰБТ-ның жаңа форматы

Ақтау қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті өткізіледі

19 маусым 2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2017 жылғы    23-24 маусымда «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слетін өткізеді.

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті – республикада балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуға, оқушылардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қоғамдағы өмірге бейімделуге, кәсіби өзін-өзі анықтауға, бос уақытты мағыналы ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтік-танымдық жоба.

Слетті өткізу «тең теңімен» қатынасының, бәсекелестіктің салауатты рухының қалыптасуына жағдай жасайды, балаларда үздік болуға оң талпыныстың өскіні қаланады.

Слетке «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының өңірлік жарыстарының жеңімпаз топтары қатысады (барлығы 160 қатысушы). Слет бағдарламасында туристік экспедицияларды презентациялау, өлкетану жобаларын қорғау, бақылау туристік маршрутты өту, жартасқа шығу, экскурсиялық бағдарлану бойынша жарыс, бард әндерінің байқауы, «Құс үйшігі» акциясы қарастырылған.

Республикалық слеттің өткізілуі республикада балалар-жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дәріптеуге, білім беру ұйымдарында туристік жұмысты белсендіруге, әр өңірде осы бағытты дамыту деңгейін анықтауға ықпал етеді.

Слеттің жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, кубоктармен және медальдармен марапатталады, жүлделі орын алмаған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Қосымша ақпарат үшін мына телефонға хабарласу қажет: 8 (7172) 24-93-08; e-mail: nt_ekotur@mail.ru.