ҰБТ-ның жаңа форматы

Туристік-өлкетану бағытындағы қосымша білім

21 қараша 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы туристік-өлкетану бағытындағы балаларға қосымша білім беру ұйымдары директорларының республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.

Отырыс мақсаты: Қазақстан Республикасында балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдер жобасын талқылау.

Республикалық үйлестірмелі кеңес мәжілісінің жұмысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР инвестициялар және даму, спорт және мәдениет министрліктерінің, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының өкілдері және балаларға қосымша білім беру жүйесінің жас туристер станциялары мен орталықтарының басшылары қатысты.

Тұжырымдамалық тәсілдерді жүзеге асыру балалар және жасөспірімдер туризмінің инфрақұрылымын дамытудың негізгі аспектілерін қамтамасыз ету және тартымдылығын арттыруға, осы саланы тиімді мемлекеттік реттеу механизмін құруға және қолдауға мүмкіндік туғызады.