Новый формат ЕНТ

Білімді жаңғырту бойынша интернет-семинар

15 тамыз 2016

12 тамыз күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті республикалық тамыз педагогикалық кеңесінің қарсаңында «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғыртудың стратегиялық  бағыттары» тақырыбындағы онлайн семинарын өткізді.

Семинарға Техникалық және кәсіптік білім департаментінің қызметкерлері: Е.Жүнісов, Қ.Алғазинова, Б. Биекова, «Кәсіпқор» Холдингі төрағасының м.а. Н.Аршабеков қатысты.

Семинарға қатысушылар жаңа оқу жылындағы техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі бағыттары, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша пікір алмасты.

Министрлік қызметерлері қатысушылардың модульдік бағдарламаларды енгізу, дуальді оқыту, жастар тәрбиесі мәселелері бойынша қойылған сауалдарына жауап берді.

Семинарға техникалық және кәсіптік білім саласының 200-ден астам колледжі және 8 мыңнан астам инженер-педагог қызметкерлері қатысты.