Ұлттық студенттік лиганың қорытындысы

Итоги национальной студенческой лиги 04.12.2018

Қазақстанның 20 мықты командасы, ойындардың 7 күні, жанкүйерлерге толы стадион -осының барлығы Ұлттық студенттік лига!

22-29 қараша аралығында Алматы қаласында, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында футзалдан Ұлттық студенттік лига өтті! Әр күн сайын Қазақстанның ең үздік университеттері бірінші болу құқығы үшін күресті!

Каспий университеті (Алматы) мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау) арасындағы финалдық ойын алдында екі команданың капитаны мен жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті: Асылбек Сәрсенов (Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жаттықтырушысы), Ербол Жұмаханов (Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ойыншысы, Марат Жүнісбеков (Каспий университетінің жаттықтырушысы) және Әлішер Есімханов (Каспий университетінің капитаны).

Әлішер Есімханов (Каспий университетінің капитаны):

"Бізге жеңіс қажет. Мен бізге жеңіс тілеймін! НСЛ тарихында ешкім екі дүркін чемпион болған жоқ, бізге мұндай мүмкіндік келді. Бүгін, біз жақсы ойын көрсетіп, бірінші орынға ие болуға үміттенеміз!»

Асылбек Сәрсенов (Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жаттықтырушысы. Ш. Есенов):

"Біз Ақтаудан шыққан кезде мақсат бір болды - жеңімпаз болу, өйткені бізді Маңғыстаудың барлығы қолдауда, олар бізді батырлар ретінде күтеді. Біздің жігіттер, бірінші кезекте, мақсатты және алаңның әрбір жерінде ойнауға дайын. Біз жаңа команда болсақ та, мақсатымызды орындауға тиіс екенінімізді дәлелдегіміз келеді»

Баспасөз конференциясынан кейін көптен күткен ойындар өтті. Матч 40 минут бойы өзіне барлық назарды аударып, қызықты болды. Жарыс тек командалар арасында ғана емес, жанкүйерлер арасында да өтті. Зал бір секундқа да тынышталған жоқ: "Маңғыстау!", "Каспий!". Ойын 2:2 есебімен аяқталды және жоғары оқу орындарының тағдыры пенальти нәтижелеріне байланысты болды. Сәттілік Каспий университетінің жағында болды. Айта кету керек, бұл ЖОО-ның екі дүркін чемпионы атануы.

Финалдық ойынға дейін, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті арасында 3 орын үшін матч өтті! Матч өте қызықты және "әдемі" өтті деп айтуға болады. ХАТУ құрамасының 10 голы командаға қола медаль әкелді.

Екі ойыннан кейін жабылу салтанаты басталды, онда барлық көрермендерді қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуімен шоу-бағдарлама күтті.

Сонымен қатар, лиганың жүлделі орындарынан басқа номинациялар бойынша ойыншылар да марапатталды:

1) Үздік ойыншы - Төреқұл Нұрсейіт (ХАТУ)

2) Үздік қақпашы - Сайдуллов Сәлімжан (Каспий университеті)

3) Үздік қорғаушы - Искендир Абат (КГУТИ им. Ш. Есенов)

4) Үздік бомбардир - Мәуіз Мерей (ОҚМПУ)

5) Үздік төреші - Галаев Аслан

ҰСЛ Білім және ғылым министрлігінің бастауымен құрылды. Оның мақсаты - әлемдік үрдістерге және шетелдік студенттік ұйымдардың тәжірибесіне сәйкес спорттық іс-шараларды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан жастарын белсенді өмір салтына, спортқа және дене тәрбиесіне тарту.

Ұйымдастырушы - "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Ұлттық студенттік лига.

Серіктестер: "Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры" ҚҚ, Halyk Bank, Huawei, "Қайрат" ФК, "Қайрат" АФК, Қазақстан Футбол Федерациясы, Samal.

Сұрақтар бойынша:

Асем – 8 747 460 74 57

assemnva@gmail.com

Суреттерге сілтеме:

https://drive.google.com/open?id=1kpO8iGokv5vO3Wamw3upfyoA3_L5nbEy


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz