«Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар форум-фестивалінің баспасөз хабарламасы

09.11.2018

Республиканың дарынды және келешегі мол балаларына қолдау көрсету және ынталандыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 8-9 қараша аралығында Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивалі (бұдан әрі – Форум-фестиваль) өтеді.

Республикалық Форум-фестивальдің мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру.

Балалар Форум-фестивалінің жұмысына республиканың барлық өңірлерінен келген 320 балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпазы қатысады.

Форум-фестивалге қатысушы балалар үшін мастер класстар мен Қазақстанның белгілі тұлғаларымен кездесулер ұйымдастыралы

Форум-фестивальге қатысушы балалар Астананың көрнект жерлерін аралайды.

Форум-фестивальдің салтанатты аяқталуында Форум-фестивальге қатысушылардың гала-концерті болады.

Форум-фестивальге қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілетін болады.

Өткізу орны: Астана қ., ЭКСПО 2017 аумағы, «Холл Энергии» залы

Форумның ашылуы: 8 қараша сағат 10.00

Форумның жабылуы мен республикалық форум-фестивальға қатысушы-балалар концерті: 9 қараша, сағат 18.00-де, Астана қ., ЭКСПО 2017 аумағы, «Холл Энергии» залы.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz