«ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ВИЗУАЛИЗАЦИЯСЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР»

13.09.2018

«Назарбаев Университеті» ДББҰ және «КИМЭП Университеті» АҚ бірігіп, қатарынан үшінші жылда академиялық сапаны қамтамасыз ету саласында қызмет ететін ЖОО-лар қызметкерлері үшін семинарлар циклын ұйымдастырып отыр.

Семинар 2018 жылғы 12-қазанында КИМЭП Университетінде (Алматы қаласы) және 2018 жылғы 19-қазанында Назарбаев Университетінде (Астана қаласы) өткізіледі.

Семинарда жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету және қолдау барысында институционалдық зерттеулер, студенттер, ПОҚ, түлектер және жұмыс берушілер арасында сауалнама ұйымдастыру және жүргізудің негізгі параметрлері және деректер визуализациясы сияқты өзекті мәселелер талқыланады.

Аталмыш семинарлардың ерекшелігі – олардың интерактивтілігі және практикалық бағыттылығы. Назарбаев Университеті мен КИМЭП Университетінің сарапшылары институционалдық зерттеулерді жүргізу әдістемелері жөнінде мастер-кластар және тәжірибелік сабақтар өткізбекші болады.  

Назарбаев Университетіндегі (Астана қаласы) семинар жұмысына байланысты сұрақтар бойынша Провост офисінің менеджері Ерболат Асылбекке хабарласыңыз:

Тел: +7(7172)70-90-11

E-mail: yerbolat.assylbekov@nu.edu.kz

КИМЭП Университетіндегі (Алматы қаласы) семинар жұмысына байланысты сұрақтар бойынша академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Айша Ахметбаеваға хабарласыңыз:

Тел: +7(727) 270-44-40 (ішкі нөмірі 2142)

E-mail: a.akhmetbayeva@kimep.kz



Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz