2018-2019 оқу жылына оқу әдебиеттерін әзірлеу барысы туралы

10.08.2018

Сапалы оқулықтарды шығару мен оларды білім беру ұйымдарына уақытылы жеткізу мемлекеттің білім жүйесінде өте маңызды. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрлігі Сіздерді баспасөз турына шақырады. Онда мектептердің 3, 6 және 8 сынып оқушыларына арналған оқулықтарды шығару жұмысымен, жеткізу барысымен таныса аласыздар.

Баспасөз туры отандық ірі басылымдардың қатысуымен 10 тамыз күні Алматы қаласында өтеді.

Шараның мақсаты – қатысушыларды кітаптың шығарылу және аймақтарға жеткізілу барысымен таныстыру.

Баспасөз турының барысында баспахана атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат береді.

Сонымен қатар, Алматы мектептерінің ата-аналар комитетінің өкілдері жаңа оқулықтардың жобаларымен танысады. Министрлік көпшілікті жоспарланған оқулықтарды ашық түрде сараптауға шақырып отыр.

Баспасөз турының аяқталу уақыты : 13:00

Журналистерге аккредетация үшін:

Маржан – pressa.edu@gmail.com, 8 702 448 08 38

Іңкәр – i.kudaibergen@media-agency.kz, 8 701 746 13 27

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Баспасөз турының бағдарламасы

2018-2019 оқу жылындағы оқу әдебиеттерін дайыдау барысы туралы

09.30-10.00 Баспасөз турына шығу үшін БАҚ өкілдерінің жиналуы

10.00 БАҚ өкілдерінің «Атамұра» корпорациясының полиграфия комбинатына жолға шығуы

10.20-11.00 БАҚ өкілдерінің «Атамұра» корпорациясының полиграфия комбинатын аралауы

11.00 БАҚ өкілдерінің Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясына шығуы

11.30- 12.00 Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар көрмесіне қатысу, кофе-брейк

12.00 – 13.00 БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз брифингі

БАҚ-ты баспасөз турдың өтетін орнына жеткізу қарастырылған, соңғы нүкте - Қабанбай батыр-Пушкин көшесі, автобустың жолға шығу уақыты 10:00, мекен-жайы Республика алаңы, 13 «Хабар» агенттігінің ғимаратына қарама-қарсы, «ПРЕСС ТУР МОН» жазуы бар автобус.

МАҢЫЗДЫ! Полиграфия комбинатының жанында автокөлікке арналған тұрақ жоқ, қауіпсіздік техникасының ережелеріне сәйкес аумағына бөтен көліктерге кіруге тыйым салынған. Сондықтан, баспасөз турына қатысатын журналистер тек «Хабар» агенттігінің жанындағы автобуста ғана жиналады.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz