Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы

08.08.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі 17 тамыз күні Астана қаласы «Казмедиа орталығында» өтетін педагог қызметкерлердің тамыз конференциясының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы пленарлық отырысына шақырады.

Сондай-ақ, педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы шеңберінде 8-27 тамыз аралығында өтетін секциялық жиындарға да қатысуға шақырамыз (бағдарламасы қоса берілген). Секциялар барысында білім беру саласындағы мәселелер, білім беруді одан әрі дамыту, мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар талқыланатын болады.

Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы – жаңа оқу жылының басталуына және жаңа идеяларға бастама беретін дәстүрлі оқиға. Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында білім беру саласын жаңғырту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, туындаған мәселелер мен инновацияларды талқылауға арналған сұхбат алаңына айналады.  

Пленарлық отырыстың өтетін орны мен күні: Астана қ., «Казмедиа орталығы», Д.Қонаев к-сі, 4. 17 тамыз 2018 жыл сағат 15.00.

Журналистерді аккредиттеу үшін: pressa.edu@gmail.com Маржан 87024480838, Перизат 87787008493, Айгуль 87011360277

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz