Функционалды сауаттылық пен алдын алу - өрт қауіпсіздігінің кепілі

Функциональная грамотность и профилактика  - залог пожарной безопасности 08.08.2018

Бектауата тау шатқалында орналасқан қала сыртындағы маусымдық «Факел» балалар сауықтыру лагеріне сапармен Қарағанды облысының ТЖ бойынша Департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Күлшімбаев И.Д. келіп кетті. Әрине, бұл тегін кездесу емес. Осынау қажырлы мамандықтың өкілдері мен Ақтоғай ауданының 17 ауылдық округінің ұл-қыздары арасындағы екінші жылға аяқ басқан ынтымақтастық ресми кездесулердің шеңберінен әлдеқайда асып кеткен болатын.

Қала сыртындағы лагерьде балалардың сауығуы мен дамуына арналған барлық жағдайлар жасалған, олардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар да түгелдей қолға алынған.

Лагерьде өрт қауіпсіздігінің ережелері аса қатаң сақталады: барлық корпустарда сигнализацияның тетікшелері мен өрт сөндіруге қажетті жабдықтар орнатылған. Лагерьдің территориясында Балқаш қаласының №45 МӨСБ қызметкерлерінің және өрт автокөлігінің тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылған. Бұл Балқаш қаласының білім бөліміне қарасты "Жас қанат" лагерінің, ауылшаруашылық қожалықтарының, Бектауата тау шатқалында орналасқан демалыс орындарының, бір сөзбен айтқанда, осы аймақтағы барша ауыл тұрғындарының тыныштығы мен тұрақтығына кепіл берері анық.

Балалардың жазғы сауығу демалысы кезінде мұнда өрт қауіпсіздігін насихаттау бойынша әр алуан іс-шаралар және денсаулық пен тіршілікті қорғауға қатысты алдын алу сабақтары жиі өткізіліп тұрады.

Өрт қауіпсіздігі бойынша аса қызықты да пайдалы кеңестерге мол сабақтарды бөлім командирі старшина Алгамжанов Дархан Магрупович пен өрт автокөліктерінің жүргізушісі старшина Аятаев Шалқар Рымбаевич өткізді. Мұндай сабақтардың білімдік мақсаты – балаларға саяхатқа шыққан жағдайда алау жағу дағдыларын машықтандыру, отпен абай болуды және өрт шыққан жағдайда қалай дұрыс әрекет етуді үйрету, өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылықты қалыптастыру, техникалық-өрт сөндіру білімін кеңейту. Мұның барлығы балаларға өрт туындаған шақта немесе басқа да төтенше жағдаяттарда абдырап қалмауға мүмкіндік береді. Сабақтар бірнеше кезеңдерден тұратын жарыстар түрінде ұйымдастырылды: техникалық-өрт сөндіру құралдарымен кедергісіз жүз метрді жүгіріп өту (өртке су себетін түтік құбыр, «Б» оқпаны, үшқадамды торап); өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию; жауынгерлікті өрістету (магистральді және жұмыс түтік құбырлар желісімен жұмыс істеу); зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету. Лагерьдің медициналық қызметі қатысушылармен үнемі біріккен үйлестікте жұмыс жасайды.

Іс-шараға қатысқан жасөсмпірімдер өздерін "өрт сөндірушілердің" ролінде байқап, олардың жауынгерлік киімдерді киіп, өрт сөндірудің ең бастапқы да негізгі құралы - нағыз өрт сөндіргішпен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Жарыстың қорытындысы бойынша №45 МӨСБ-ң бастығы подполковник Бажбенов Мұрат Шайкимбековичтің атынан әр қатысушыға мақтау қағазы беріліп, жеңімпаз болған командаға жылжымалы кубок табыс етілді. Бұл кубок салтанатты түрде ауысымнан-ауысымға, жылдан-жылға үздік жеңімпаз командаларға беріліп отырады. Бұл тамаша дәстүрдің бастамасын Балқаш қаласының №45 МӨСБ қызметкерлері қалап кетті.

Осы іс-шаралардың барысында ұдайы түрде балалармен кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізіліп отырады. Өрттен қорғау офиценрі болу үшін не қажет? Қоғамымыздағы ең маңыщды да қиын болып саналатын өрт сөндіруші мамандығының оң және теріс жақтары қандай? Демалушылардың арасында осы мәртебелі де қайратты мамандыққа деген қызығушылығы бар балалар аз емес екен. Дегенмен армандау мен талпыныстың ғана болуы көп жағдайда жеткіліксіз болатыны баршамызға мәлім. Болашақ өрт сөндіруші пәнаралық терең білімге ие болу керек, ол оны функционалдық сауаттылық есебінде өмірде пайдалана білуі керек. Түсіндірме жұмыстардың барысында елеміздегі жоғары білім алып, өрт сөндіруші мамандығына оқуға болатын ЖОО атап көрсетілді. Бүгінгі таңда бұл саладағы ең мәртебелі оқу орындарының бірі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар бойынша комитетінің Көкшетау техникалық институты болып табылады. Бұл - "Өрт сөндіру қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары білімді квалификацияланған офицерлерді дайындайтын Қазақстан Республикасының ІІМ-ң бірегей ведомстволық оқу орыны.   

Балалардың қауіпсіздік тәртібінің мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мұндай іс-шаралар балаларға өрт сөндірушінің жұмысымен жақынырақ танысуға, бұл мамандықтың қаншалықты ерлікті қажет ететіндігін түсінуге көмектеседі. Жыл бойы тынымдық таппайтын мамандық: жаз болса – өрт туындау қаупі және суға шомылу маусымының күшеюі, күз – балық аулау маусымының аяқталуы, қыс - боран мен бұрқасын дауыл, көктем - тасқынды кезең. Әр сәт сайын өзгенің өмірін құтқару үшін өз өміріңді тәуекелге байлауға дайын болуың керек. Сондықтан да біздің қоғамымызда ТЖ қызметінің қызметкерлеріне деген құрмет ерекше. Сондықтан болар жылдан-жылға көптеген қыздар мен жасөспірім балалар өрт сөндіруші мамандығын қалауда. Жинақталған білім, саналы таңдау - осының бәрі дұрыс құрылған кәсіби траектория болып саналады.

Бектауата тау шатқалындағы «Факел» лагерінде балалар қызықты, көңілді және ҚАУІПСІЗ демалуда!!!

Ақтоғай ауданы

Шашубай кентінің

«Акжелкен» жастар

баспасөз орталығы


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz