Қалауың бойынша іс табу – өмір талабы және қол жеткізер жетістігің!

Найти дело по душе – успех и востребованность жизнью! 11.07.2018

Елордамыз Астананың 20 жылдығын тойлау мерекесінің қарсаңында Ақтоғай ауданы Бектауата тау шатқалында орналасқан қала сыртындағы балаларға арналған "Факел" маусымдық сауықтыру лагеріне атбасын Қарағанды облысы Білім басқармасының бастығы Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуович бұрып, ақтоғайлық балалардың жазғы демалысымен және тұрмыстық жағдайымен танысып кетті. Басшы спорт алаңдарында орналасқан көшедегі жаттығу құрылғыларында, скалодромда, стандартты емес спорттық жабдықтарда жаттығып жүрген, футбол, пионербол, баскетбол және волейбол алаңдарында жарыстың қызуына берілген велосипед саябағында, бассейнде, тоғызқұмалақ, дойбы мен шахмат сияқты үстел ойындарына арналған зәулім шатырларда ойынның қызу қызығына шомған балаларды өз көзімен көріп қайтты. Зияткерлікті дамыту алаңдарына да, атап айтқанда, робототехника, қолмен модельдеу, қолданбалы өнер зертханаларына, лагерь ландшафтысын көгалдандыру, көгершін асырау, кинотеатр, би үйірмесі, қуыршақ театры және үштілділік, көшбасшылық, көсемсөз шеберлігі, СӨС сияқты жазғы мектептердің жұмысын аралап көрді. Балалар құрастырылған 5 жаяу туристік маршрут пен 1 велосипедтік туристік маршрут туралы ойлары мен алған әсерлерін ортаға салып, өздерін жай ғана саяхатқа шығып қана қоймай, Қазақстанның 100 мінажат орындарының бірі болып табылатын Бектауатаның өлкетануымен едәуір тереңірек танысқандарын баяндап берді.

Осы сапардың аясында ол ересек балалар отрядымен тренинг форматында кәсіптік бағдарлану бойынша жұмыс жүргізді. Борлашақ мамандығыңды дұрыс таңдаудың маңыздылығы аса зор. Бұл - әр жеткіншек өспірімнің алдында тұрған өзекті мәселе. Бүгінгі үдемелі даму үстіндегні әлемде футурологтер қайсыбір мамандық түрлерінің мұлдем сұраныссыз қалып, жаңа бір мамандық түрлерінің пайда болуы туралы айтып жүр. Сондықтан да мамандық таңдауда бірқатар факторларды алға тарта отырып, дұрыс қадам жасау аса маңызды. Ендеше, сол психология мен кәсіптік бағдар арасындағы көзге көрінбес байланыс қай жерде ? Бұған, әрине, екіауыз сөзбен жауап бере алмаспыз.

Есенғазы Нұртолеуович балаларға адам миының іс-әрекетті қалай басқаратынын баяндай отырып, өзіңді-өзің қалай жетістікті жүзеге асыруға болатынын түсінуге көмектесті. Ол соционика  - адам психикасының қоршаған ортамен ақпараттық қарым-қатынас жасау ғылымы туралы  өте қызықты да тартымды әңгімелеп берді. "Дихатомикалық тест" жүргізу барысында тренингтің әр қатысушысы өзінің тұлғалық типін айқындай алды. Сонымен қатар әр жасөспірімге оның тұлғалық типіне сәйкес, өзінің қабілеттерін қандай салада қолдануға қатысты және мамандық таңдау бойынша ұсыныстар берді.  

Тренинг барысында балалар белсенділік танытып, әр алуан сұрақтар қойды. Соционикалық білімге үлкен мән бөле отырып, Оны жетістікке жету үшін дұрыс пайдалану туралы көптеген жаңа ақпараттар алды. Диалогтік алаң жүзеге аксырылды!!! Кері байланыс  тренингтің жоғары нәтижелігін көрсетті.Балалар қыркүйек айында мектепке келген кезде өзінің құрдастарымен осындай кездесу өткіземіз деп шешті. Ол үшін лагердің психологтері мен әлеуметтік педагогтерінің қызмет көрсету орталығы қосымша оқыту сабақтарын өткізеді. Жазғы сауықтыру демалысы осындай қызықты кездесулерге, ойын-сауықтар мен жарыстарға,жаңа достармен толассыз қызықтарға!!!

Ақтоғай ауданы Бектауата

шатқалындағы "Факел" ҚСМБСЛ

психолог,тәрбиеші А.С.Айнекова


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz