«2017-2018 оқу жылының аяқталуы туралы» Республикалық кеңейтілген кеңесті ұйымдастыру және өткізу туралы БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

16.05.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылы 16 мамырда Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің базасында «2017-2018 оқу жылының аяқталуы туралы» Республикалық кеңейтілген кеңес өткізеді.

Кеңейтілген кеңесте 500 адам, Білім саласындағы бақылау департаменттерінің және Министрлікке бағынысты ұйымдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, аудандық/ қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық, қалалық/аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері,

ҚР БҒМ және «НЗМ» ДБҰ өкілдері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысады.

Кеңестің күн тәртібінде мектепке дейінгі және орта білім жүйесіндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа жүйесі, орта білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау және мектеп бітіру іс-шаралары, Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық және ұйымдастыру, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау, білім беру ұйымдарында оқу үрдісін цифрландыру, «Күнделік» жобасының іске асырылуы, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесі туралы, 2018-2019 жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету және 2018 жылғы 1 маусымдағы балалардың және жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Парадына дайындық барысы туралы мәселелер қаралады және талқыланады.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz