2018 жылы Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық барысы туралы

15.05.2018

Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жылы Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындығына арналған брифинг өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығының» директоры Рамазан Әлімқұлов қатысты.

ҰБТ 2018 жылы ҰБТ өткізудің 167 орталығында өтетін болады: ЖОО базасында  48; колледждер базасында – 3; мектептер базасында  – 116.

Баспасөз конференция барысында «ҰТО» директоры  Рамазан Әлімқұлов айтып кеткендей, ағымдағы жылы ҰБТ алдыңғы жылғы форматта өтеді. ҚР «Білім туралы» Заңына 01.01.2017 жылғы енгізілген өзгерістерге сәйкес түлектер үшін емтихандар екі сатыда өтеді: қорытынды аттестаттау және ҰБТ.

«2018  жылы ҰБТ 15-ші рет өтетін болады. 2004 жылдан бастап, 14 жылдың ішінде оған 1 млн. 600 мың адам қатысты. Жылдар өте келе тестілеу жүргізу технологиясы үнемі жетілдіріліп отыратындығын атап айтқымыз келеді», - деді ОКҚ-де баспасөз конференциясы барысында Асхат Аймағамбетов.

ҰБТ қатысу үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 10 наурызынан 10 мамырына дейін жүзеге асырылатындығын еске салайық. Тестілеу ағымдағы жылдың 20 маусымынан 1 шілдесіне дейін өтеді.

ҰБТ 5 пән бойынша жүргізіледі: 3 міндетті және таңдалған мамандығына сәйкес 2 профильді пән.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz