2018 жылдың 13 сәуірінде «Тұран-Астана» университетінің

13 апреля 2018 года в Университете «Туран-Астана» 13.04.2018

2018 жылдың 13 сәуірінде «Тұран-Астана» университетінің «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасы «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамалар: эволюциясы, басымдылығы, мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына бірқатар көрнекті ғалым-заңгерлер қатысты, тоқтала кетсек: з.ғ.д., профессор А.Б.Скаков; з.ғ.д., профессор А.Д. Жусупов; з.ғ.д., профессор М.С. Башимов; з.ғ.д., профессор К.С. Лакбаев; С.Д. Бекишева з.ғ.д., доцент, әділет аға кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының Академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының Қылмыстық саясат және жазалауды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері; з.ғ.к., профессор Б.Р. Сембекова; Е.А. Джумагулов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының Академиясының  ұйымдастыру және бақылау бөлімінің ректорының көмекшісі; Ж.Б. Есенбекова Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының  ұйымдастыру және бақылау басқармасының бастығы; Т.Б. Маханов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, сонымен қатар «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, Астана қаласы мектептерінің өкілдері, магистранттар мен студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын Халықаралық инженерлер Академиясының академигі, тех.ғ.д. профессор, стратегиялық даму, ғылым және инновация жөніндегі проректор Т.А. Толкынбаев баяндамасымен ашты.    

Дөңгелек үстел модераторы - з.ғ.к., профессор С.М. Иманбаев сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында баяндама жасағандар: з.ғ.д., профессор М.С.Башимов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында; з.ғ.д., профессор А.Д. Жусупов «Басқару жүйесіне сыбайлас жемқорлықтың енуінің тарихи негіздері» тақырыбында; з.ғ.д., доцент С.Д.Бекишева «Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» тақырыбында; з.ғ.д., профессор А.Б.Скаков «Сыбайлас-жемқорлық саясатын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-құқықтық механизмі» тақырыбында; з.ғ.д., профессор К.С. Лакбаев «Қазақстан Республикасының сыбайлас-жемқорлық саясатын талап ету тұсында жастардың рухани тәрбиесі жөнінде» тақырыбында;  з.ғ.д., профессор А.С.Сман «Сыбайлас-жемқорлық құқықбұзушылығында  алдын-алудың криминологиялық аспектілері» тақырыбында; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Т.Г.Маханов «Параның еселенген сомасындағы айыппұлды төлеу мәселелері» тақырыбында баяндаған жұмыстар талқыға түсті.

Талқылауға шақырылған қонақтар, сондай-ақ, мектеп өкілдері, магистранттар мен студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде қабылдауға қажетті  келесі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді:

- халық арасында жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті дамыту;

- халықтың құқықтық танымы, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу-әдістемелік құралын әзірлеу.



Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz