Бүгін ҚР Білім және ғылым Министрі Е.К.Сағадиев Enactus Kazakhstan ұйымының президенті А.М.Ержановамен кездесті.

12.04.2018

Кездесу барысында жақында студенттік кәсіпкерлік, стартап және инновация бойынша өтетін «Enactus Kazakhstan National EXPO 2018» студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық Кубогы жайлы сөз қозғалды.

Ерлан Кенжеғалиұлы Enactus ұлттық кеңсесі басшысын бағдарламаның 10 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сондай-ақ, министр І Еуразиялық студенттік кәсіпкерлік Форумының қатысушылары мен еліміздегі Enactus бағдарламасының барша белсенді студенттеріне ақжарма тілегін білдірді.

Айта кетейік, жүзеге асқан 100-ге жуық жобаны жастар ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2018 байқауында қорғайтын болады. Ал, жеңіске жеткен студент Силикон алқабы - Сан Хосе қаласында өтетін әлемдік деңгейдегі байқауда еліміздің намысын қорғауға мүмкіндік алады.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz