КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ

В ПРЕДДВЕРИИ ДНЯ РАБОТНИКОВ НАУКИ МОЛОДЫМ УЧЕНЫМ БЫЛИ ВРУЧЕНЫ КЛЮЧИ ОТ КВАРТИР 11.04.2018

Бүгін Алматыдағы «Ғылым ордасының» кең залында Қазақстан Республикасы ғалымдарының құрметіне салтанатты жиын өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жиынға  атақты академиктер мен ғалымдар, жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер, ұжымдық пайдаланудағы ұлттық және инженерлік зертханалар басшылары, жас ғалымдар, қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер мен блогерлер келген.

Салтанатты жиынды Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов ашты. Ол ғылыми ортаны кәсіби мерекесімен құттықтады.

Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов Білім министрі Ерлан Сағадиевтің ел ғалымарына
арнаған сөзін жеткізіп, жиналғандарды ел ғылымының қазіргі жағдайы және болашақтағы даму жоспарымен таныстырды.

Ғылымның дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға ведомствалық марапат, құрмет қағазы табысталып, алғыс жарияланды.

ҚР БҒМ мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арасындағы әлеуметтік қолдауды көздейтін ортақ жоба аясында ҒЗИ жас ғалымдарына Алматыдан 120 пәтер бөлінді.  Баспананы кейіннен сатып алу мүмкіндігі бар. Жас ғалымдарға пәтердің кілтерің тапсырылды.

Жиында сөз алғандар Елбасының ғылымға негізделген экономиканы дамыту, рухани жаңғыру жөніндегі саясатын қолдап, ел ғылымын жаңа белеске көтеру жолындағы еңбегіне жоғары баға берді.




Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz