Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысы өтеді

13.02.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2018 жылға арналған міндеттері туралы» тақырыбында 2018 жылғы 13 ақпанда «Қазмедиа» Орталығының киноконцерт залында Министрліктің алқа отырысын өткізу жоспарлануда.

Алқа мәжілісінің жұмысына қатысуға ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкімдерінің орынбасарлары, ҚР БҒМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ұлттық ғылыми кеңестердің төрағалары, ғылыми ұйымдардың жетекшілері, жоғары оқу орындарының ректорлары, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары, ҮЕҰ өкілдері, облыстық, қалалық білім басқармаларының басшылары, министрліктің қызметкерлері, БАҚ өкілдері және т.б. тұлғалары шақырылды.

«Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2018 жылға арналған міндеттері туралы» тақырыбындағы негізгі баяндамасымен ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің сөз сөйлейді.

Коллегия аясында балалардың даму сұрақтары, мұғалімдер жалақысының өсуі, балалардың қосымша білім инфрақұрылыми, үш тілде білім беру, ТжКБ, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру салаларында нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру, жас мамандарды ғылымға тарту, білімді цифрлеу сұрақтары қарастырылатын 10 секция жұмыс жасайды.

Алқа отырысы кезінде «Білім және ғылым саласындағы 2017 жылғы жетістіктер» көрмесі ұйымдастырылады.

Аккредиттеу: pressa.edu@gmail.com 

тел.: 74-24-14. 87027259713

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz