Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған І-ші Республикалық конференцияны өткізу туралы баспасөз хабарламасы

Пресс-релиз о проведении I Республиканской конференции для родителей детей с особыми образовательными потребностями 11.10.2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының әкімі А.О. Исекешев және Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл З.Я. Балиеваның қолдауларымен «Астана – рухы мықты адамдардың қаласы» бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында тұңғыш рет ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған І-ші Республикалық конференциясы өткізіледі.

Конференцияның ұйымдастырушылары: «Асыл бала» Республикалық Қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы.

Конференцияның мақсаты – еліміздің толық құқықты  азаматы ретінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар арасында байланысты нығайту үшін диалогты алаң құру.

Ата-аналар конференциясының серіктестері «Жұлдызай» корпоративті қоры, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ, «Дара» қоғамдық қоры, «Асыл мирас» қайырымдылық қоры, «Болашақ» қайырымдылық қоры.

Іс-шараның бағдарламасында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды қолдау аясында үкіметтік емес ұйымдардың жүргізген жұмыстарының нәтижелері туралы презентациялар ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, конференция соңында  ата-аналар қалалық білім басқармаларының, денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт өкілдерінен консультациялар алады.

Өткізілетін күні: 2017 жылғы 14 қазан

Басталатын уақыты: сағат 10.00

Өткізілетін орны: Астана қ., Оқушылар сарайы, Б. Момышұлы көшесі, 5

БАҚ қатысу және аккредиттау үшін байланыс:

8 776 180 38 68 Ақмарал pressa@asylbala.org

8 778 187 68 88 Алия


Сайт картсы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: pressa.edu@gmail.com