Үндістан жоғары оқу орындарына стипендиялық бағдарлама

25.11.2019

Үндістан Республикасының Үкіметі Мәдени байланыстар жөніндегі Үнді кеңесінің Жалпы мәдени бағдарламасы шеңберінде Үндістан жоғарғы оқу орындарында 2020-2021 оқу жылдарында қазақстандық азаматтарға оқып білім алуға стипендия беру туралы жариялады.

         Бағдарлама шеңберінде өнер, жаратылыстану, инженерия ғылымдары бойынша бакалавр және магистратура, докторантуралық зерттеулер, әлеуметтік ғылымдар, көркем өнер орындау түрлері және гуманитарлық ғылымдарына оқып білім алуға стипендиялар бөлінеді. Толық ақпаратты Мәдени байланыстар жөніндегі Үнді кеңесінің оқу бағдарламалары порталында (http://a2ascholarships.iccr.gov.in) алуға болады.

         Үміткерлер Үндістанда жоғарғы білім алу үшін ағылшын тілін жеткілікті білуі қажет. Философия магистрі/докторантуралық зерттеулер, көркем өнердің орындаушылық түрлері немесе сәулет мамандығына құжат тапсыратын үміткерлер ғылыми тақырыптарының таңдалған саласы бойынша түйіндеме жазу қажет. Үміткерлер Үндістанға оқуға түсу уақытында жасы міндетті түрде 18-жастан төмен болмауы және 30-жастан аспауы керек.

Үміткерлер өтініштерді 2020 ж. 20 ақпанынан кешіктірмей http://a2ascholarships.iccr.gov.in порталы арқылы онлайн түрде жіберуі тиіс.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11