«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қатысушыларына сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді іске асыру келісімі» шеңберінде жұмыскерлердің басым категориялары және іріктеу критерийлері

11.09.2019

Сатып алу құқығымен

жалға берілетін пәтерлер туралы ақпарат


«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мен «Қазақстан

ипотекалық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚИК) арасында 2019 жылғы 5 маусымда

сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді өткізу туралы келісім жасалды (бұдан әрі – Келісім).

Келісім талаптарына сәйкес, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй пәтерлері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын Министрліктің және оған қарасты ұйымдар мен мекемелердің жұмыскерлеріне берілетін болады. Келісім шеңберінде Министрлік және Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелердің жұмыскерлеріне бөлінетін пәтерлер саны – 1000. Тізімдерді қалыптастыру және пәтерлерді ашық бөлу мақсатында Министрлікте және оған қарасты ұйымдар мен мекемелерде тұрғын үй комиссиялары құрылды. 2019 жылғы 5 маусымда Министрлік, ведомство және Министрлікке қарасты ұйымдарьмен мекемелерден тұрғын үйге мұқтаж жұмыскерлердің тізімі алдын ала қалыптастырылды, Министрліктің тұрғын үй комиссиясымен әр аймаққа пәтер лимиті белгіленіп, ҚИК-қа сұраныс хат жіберілді. Министрліктің тұрғын үй комиссиясының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 3 хаттамалық шешімімен Келісім шеңберінде жұмыскерлердің басым категориялары және үміткерлерді іріктеу критериилері бекітілді. Жұмыскерлердің құжаттары мен істерін Келісімде көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру, сондай-ақ Министрліктің тұрғын үй комиссиясының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 3 хаттамалық шешімімен бекітілген басымдықтар мен критериилер бойынша кезектілікті анықтау мақсатында тізімдер қайта қарау үшін кері қайтарылды. Жұмыскерлердің кезектілігі мекемелер мен ұйымдардың тұрғын үй комиссияларымен балл жинағы бойынша қалыптастырылды, яғни үміткердің балл жинағыьқаншалықты жоғары болса, оның кезектілік тізіміндегі орны соншалықты жоғары орналасқан. Тізімдер қалыптастырылып, ұйымдар мен мекемелердің тұрғын үй комиссияларының хаттамалық шешімімен бекітілді, ұйымдар мен мекемелердің сайттарында жарияланды. Келісім шеңберіндегі алғашқы пәтерлер Ақтөбе қаласы бойынша К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жұмыскерлері арасында сәтті бөлінді. ҚИК ұсынған 58 пәтерге 61 үміткердің тізімі жіберілді. Алайда, олардың ішінде пәтермен қамтылғандары – 23, ұсынылған пәтерлерден бас тартқандар – 17, төлем қабілеттілігін бағалау туралы екінші кезеңнен өтпей қалғандар – 21. Қалған пәтерлер жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы ұстаздарға бөлу ұсынылды. ҚИК сұранысы бойынша Алматы (144), Нур-Султан (73), Актау (13), Караганда (21) қалалары бойынша кезектегі жұмыскерлер тізімі (+резерв) жіберілді. Нәтижесін күтудеміз. Бүгінгі күні басқа қалалар бойынша пәтерлер тізімі ҚИК-тан түспеді. Пәтерлерді бөлу мәселесі ҚИК-тан ұсыныстар түскен жағдайда Тұрғын үй комиссиясымен қаралатын болады.

Анықтама: Жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) қарасты ұйымдар мен мекемелер жұмыскерлері бойынша: Білім және ғылым саласының республикалықтан басқа ЖАО-на қарасты ұйымдар мен мекемелер де бар екендігін ескере келе, Министрлік 2019 жылғы 12 шілдеде ҚИК басшылығына ЖАО-мен Келісімге отыруды ұсынды. Бүгінгі күні осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Келісімге қол қойылған жағдайда, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй пәтерлеріне мұқтаж жұмыскерлердің тізімі ЖАО-мен қалыптастырылатын болады.


2019 ж.25.07. № 3

хаттамаға қосымша

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қатысушыларына сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді іске асыру келісімі» шеңберінде жұмыскерлердің басым категориялары және іріктеу критерийлері Жұмыскерлердің басым категориялары Министрлік және Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелердің келесі жұмыскерлері болып табылады: 1) ҚР Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қарасты республикалық мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының педагогикалық және оған теңестірілген жұмыскерлер; мемлекеттік қызметшілер және Министрліктің техникалық жұмыскерлері; 2019 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша Министрлікке қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың негізгі, оқу-көмекші және әкімшілік персоналдары;

2) 2019 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша Министрлікке қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызмет көрсету персоналы.

(Ескерту: ұйымдар мен мекемелерде екі басым категориялар бойынша 2 тізім жасалады). Мекемелер мен ұйымдарда жұмыскерлердің кезектілігі үміткерлердің балл жинағы бойынша қалыптастырылады, яғни үміткердің балл жинағы қаншалықты жоғары болса, оның кезектілік тізіміндегі орны соншалықты жоғары орналасады.

Балдар келесі көрсеткіштер негізінде саналады:

1. Білім және ғылым саласындағы еңбек өтілі бойынша балл:

1) 1-ден 3 жылға дейін – 1 балл;

2) 3-тен 5 жылға дейін – 2 балл;

3) 5-тен 10 жылға дейін – 3 балл;

4) 10 жылдан жоғары – 4 балл.

2. Қосымша балдар:

отбасы құрамында кәмелеттік жасқа толмаған балалары, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқу формасында оқитын (жиырма үш жастан аспаған) балалары бар отбасыларға әр бала үшін 1 балл; кәмелеттік жасқа толмаған баланы немесе балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған жұмыскерге (2019 жылғы 5 маусымға дейін толық емес отбасы болып танылған) 1 балл; 1 және 2-топ мүгедектігі бар жұмыскердің, оның жұбайының, баласының (балаларының) әрқайсына 1 балл;

«Жастар» категориясына жататын жұмыскерлер («Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚРЗ сәйкес 29 жасқа дейін) – 2 балл.

Баллдар тең болған жағдайда, келесі кезектілікте басымдық беріледі:

1) көп балалы аналар;

2) мүгелек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар;

3) 1 және 2 топ мүгедектігі бар жұмыскер және/немесе оның жұбайы;

4) баланы (балаларды) жалғыз тәрбиелеп отырған жұмыскер (толық емес отбасы);

5) баланың саны көп жұмыскер;

6) еңбек өтілі жоғары жұмыскер;

7) некеде, оның ішінде баласыз жұмыскерлер.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11