Жоғары білім беру мен ғылымды интеграциялау

Интеграция высшего образования и науки 15.08.2019

Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тамыз конференциясының аясында ЖОО ректорлар және проректорлар, ҒЗИ директорлар үшін «Жоғары білім беру мен ғылымды интеграциялау» атты Жоғары білім берудің ғылыми және педагогикалық қызметкерлердің тақырыптық алаңын өткізді.

Жиынның мақсаты – ғылым және жоғары білім берудің ағымдағы жағдайын талдау, басқарушылық және ұйымдастырушылық саясатты өзгерту, жоғары оқу орындарда академиялық саясаттың тиімділігін арттыру.

Іс-шараның спикерлері және модераторлары ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Назарбаев Университінің, үкіметтік емес ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, ЖОО-лардың өкілдері қатысты.

Тақырыптық алаңда келесі мәселелер талқыланды:

1.     Ғылыми зерттеулердің тиімділігі:

2.     Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және әлемдік ғылымға интеграциялау;

3.     ЖОО-ларды өзгерту;

4.     Жобалық басқарудың заманауи әдістері;

5.     Жоғары білім беру жүйесіндегі HR менеджмент;

Шараны Ұлттық биотехнология орталығы, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі министрлікпен бірлесе ұйымдастырды.

 


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11