ҰБТ-ның жаңа форматы

Мектепке дейінгі ұйымдарға электронды жолдама беру бойынша ашық есік күні

30 наурыз 2017

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

2017 жылы балабақшаға топтау жұмыстарына қызығушылық білдіретін елордалық тұрғындардың назарына!

2017 жылғы 1-8 сәуір аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астананың үш алаңында – Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғ., 5), М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында (Ә. Бөкейхан көш., 1) және №61 орта мектепте (Қарталы көш.) мемлекеттік балабақшаларға, шағын орталықтарға және мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшаларға ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖОЛДАМАЛАРДЫ БЕРУ БОЙЫНША ата-аналардың сауалдарына жауап беріледі.

Қош келдіңіздер!

 

2017 жылдың 10 сәуірінен Астана қаласында мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар www.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетін болады.

Бұл бағытта қызметті алушыларға 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін келесі әрекеттерді орындау керек:

1) электрондық-сандық қолтаңбаны алу (ол үшін ХҚО «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ жүгіну қажет);

2) өтінім берушінің электрондық-сандық қолтаңбасы (жеке кабинетке кіру) арқылы www.astana.kz жүйесінде тіркелу;

3) өтінім берушінің жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін көрсету немесе өзгерту (электрондық пошта, ұялы телефон нөмірі) қажет. Байланыс мәліметтері Сіздің кезегіңіз келгені жайлы хабардар ету (хабарлама, ескерту хат) үшін керек.

Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі.

 

Егер өтініш берушілердің балалары 2015 жылы дүниеге келсе, олар үшін 10 сәуірден, тиісінше 2014 – 12 сәуірден, 2013 – 18 сәуірден, 2012 – 21 сәуірден, 2011 – 25 сәуірден бастап мемлекеттік балабақшаға жолдаманы алуға мүмкіндік бар. Әрбір туған жыл үшін мемлекеттік балабақшаларға жолдамалардың берілуін күту мерзімі Пайдаланушыларға ескертпе жолданған сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

Жолдама берілген күннен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға ұсынылуы тиіс.

 

БОС ОРЫНДАР БОЙЫНША АҚПАРАТ.

2015 жылы туған балалар үшін 1240 бос орын бар;

2014 жылы туғандар үшін 2233 бос орын;

2013 жылы туғандар үшін 1340 бос орын;

2012 жылы туғандар үшін 1111 бос орын;

2011 жылы туғандар үшін 386 бос орын.

Жалпы Астана қаласы бойынша 6310 бос орын бөлу үшін бар.

 

Сіз толыққанды нұсқамамен e.astana.kz жүйесінде http://ises.astana.kz/DayCareQueueService/Instruction сілтемесімен өту арқылы таныса аласыз.

Орындарды бөлу жұмыстары аяқталған соң, кезектің жылжу барысын Астана қаласы әкімдігінің www.e.astana.kz ресми сайтынан қарауға болады.

2017 жылғы 10 сәуірден бастап жұмыс тобы автоматтандыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын ) Қарталы көшесіндегі №61 мектепте жүргізеді. Оның жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 10:00-18:00 аралығында. Түскі үзіліс 13:00-14:00.

Назар аударыңыз! Мемлекеттік балабақшалар 2017 жылдан бастап қызметтің автоматтандырылуына байланысты бос орындар бойынша өтінімдерді Астана қаласының Білім басқармасына емес, Жүйеге жолдайды.

Егер бала үш жасқа толып, мектепке дейінгі мекемеге кезегіңіз келмесе, онда мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшадан; төрт жастан бастап шағын орталықтардан орын алуыңызға болады (мекенжайлары, телефондары және алу тәртібі инфографикаларда көрсетілген). Бос орындар туралы барлық ақпарат e.astana.kz жүйесінде орналастырылған.

2017 жылғы 27 наурыздан бастап 7 сәуірге дейін Қарталы көшесіндегі №61 мектепте жеңілдікке ие азаматтар арасында балабақшаларға бос орындар бөлінеді. Бұл санатқа ҚР БҒМ 25.02.2016ж. №58 бұйрығына сәйкес келесі тұрғындар кіреді: заңды өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар саналатын балалар; ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; жетім балалар; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; әскери қызметшілердің балалары; арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары.

27 наурызға дейін ата-аналарға жеңілдік санаты бойынша растайтын құжаттарды тапсыру қажет. Құжаттар Астана қаласының Білім басқармасына (Бейбітшілік көш., 11) №718 кабинетке жұмыс күндері сағат 9.00-16.00 аралығында тапсырылады, түскі үзіліс 13.00-14.30.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Жолдауында сандық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау, білім беру салаларында да дамыту, «Сандық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және қабылдау тапсырылды. Елбасы Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізуге баса назар аударды: автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер.

2017 жылдың 5 қаңтарынан Астанада балабақшаға жолдамаларды автоматты түрде беру жүйесі бері пилоттық түрде іске қосылып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшаларға электрондық жолдамалар берілді.

 

Егер балабақшаға кезегіңіз келсе (бос орындар бойынша ақпарат жоғарыда ұсынылған), бұл туралы хабарлама Сіздің көрсеткен электрондық поштаңызға және телефон нөміріне жолданады.

Егер балабақшаға кезегіңіз келіп, электрондық пошта арқылы хабарлама алмасаңыз, онда Сізге келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет:

1) ЭСҚ арқылы e.astana.kz жүйесіне кіру;

2) өтініштер журналына өту;

3) егер кезегіңіз келсе, онда «Балабақшаны таңдау» батырмасын басқан кезде тізімде «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» деген батырма шығады;

4) «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасын басып, тізімнен мектепке дейінгі ұйымды таңдау керек.

Сіз толық нұсқаманы келесі сілтеме бойынша өтіп, жүктей аласыз: https://e.astana.kz/Home/Instructions

Қосымша сауалдарыңыз туындаса, қолдау қызметіне хабарласуға болады: тел.нөмірі — 8(7172) 46 67 56, электрондық пошта — akimat.itfactory@gmail.com