Новый формат ЕНТ

Еуропа Одағы және Орталық Азия білім министрлерінің екінші кеңесі өтеді

19 маусым 2017

2017 жылғы 22-23 маусым аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Орта Азиялық Білім платформасы (ОАБП)» атты Еуропа Одағының жобасы шеңберінде Еуропа Одағы және Орталық Азия білім министрлерінің екінші кеңесін өткізеді.

Аталған шараның басты мақсаты – Еуропа Одағы және Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Іс-шара екі кезеңде өтеді. 2017 жылдың 22 маусымында  Еуропа Одағы және Орта Азия мемлекеттерінің министрлік өкілдерінің төртінші кеңесі өтеді. Кеңестің басты мақсаты министрлер деңгейіндегі кездесуге дайындық және Астана Декларациясы жобасы бойынша жұмыстарды аяқтау болып табылады.

2017 жылдың 23 маусымында Еуропа Одағы және Орта Азия мемлекеттерінің білім министрлерінің екінші кеңесі өтеді. Жұмысқа Еуропа Одағының өкілдері, ҚР-дағы Еуропа Одағының  делегациясының елшісі,  Еуропа Одағы және Орта Азия мемлекеттерінің  білім министрлері, осы мемлекеттегі білім мекемелерінің өкілдері, Еуропа қызметінің сыртқы саясат істерінің өкілдері және ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаттары қатысады.

Екі қатар сессия жұмысы жоспарланған: «Жоғарғы білім» және «Кәсіби білім мен оқу». Әр сессияда өзекті мәселелер бойынша талқылаулар және шетелдік өкілдер арасындағы тәжірибе алмасу күтілуде.

Білім беру интернационализациясы, сырттай сапаны бағалау, білім беру саласындағы трансшекаралық ынтымақтастық, халықаралық аккредиттеу талқыланады, сондай-ақ өңірлік контекстегі жоғары білім берудің даму ерекшеліктері қарастырылады.

Баяндамалар топтамасы ұлттық біліктілік шеңберін жасау, сапаны қамтамасыз ету, мобильділік және жоғары білім берудегі жұмысқа орналастыруды ынталандыру реформаларын қолдауға арналған.

Біліктіліктің ұлттық шеңберлері Еуропа Одағы елдерінде белсенді енгізілуде. Ол жұмыс берушінің және еңбек нарығының қажеттілігін есепке алып, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге көмектеседі. Қазақстан ұлттық біліктілік жүйесін іске асыру саласында айтарлықтай ілгерледі.

Ұлттық біліктілік шеңберінің Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің Біліктілік шеңберімен салыстырымы бойынша өзін-өзі сертификаттау процесі аяқталуда. Осы жылдың маусымында Педагогтың кәсіби стандарты, яғни білім беру саласындағы жұмыскерлердің әр біліктілік деңгейіне арналған кәсіби құзыретін нақты анықтау құрылымы қабылданды.

Кездесу нәтижелері бойынша Астана Декларациясын қабылдау жоспарланған, ол Орта Азия өңірі және Еуропа Одағы елдері арасындағы білім саласында қарым-қатынасты нығайту барысында жаңа кезең орнатуға негіз болады.

 

Күні: 2017 жылғы 22-23 маусым аралығында  

Уақыты: 9.00 – 18.00

Өткізу орны:  Астана қаласы, Rixos President Hotel отелі, Jumbaktas отелі