ҰБТ-ның жаңа форматы

Атағы дүние жүзіне танымал ауыр атлет Илья Ильин Жаңа жыл қарсаңында балалар үйі тәрбиеленушісінің атына білім беру депозитін ашты

29 желтоқсан 2016

Жаңа жыл қарсаңында  атағы дүние жүзіне танымал ауыр атлет   Илья Ильин аяз ата ролінееніп, 13 жастағы қалалық балалар үйі тәрбиеленушісі – Владимир Мигуновқа атаулы білім депозитін ашу арқылы қолдау көрсетті.

Осылайша, жетім балалардың атына білім депозитін ашып және толтырып отыратын Олимпияда ойындары жүлдегерлері Серік Сәпиев және Василий Левит қатысқан  қайырымдылық эстафетасын жалғастырды.

Ильин білім депозитін ашу кезінде жеке қатысқан Василий Левит: «Бұл, шын мәнінде, жақсы іс. Депозиттің бұл түрін кез-келген адам аша алады. Барлығына өз балаларына немесе көмек көрсеткісі келген адамға аш дер едім. Және осы эстафетаны, өзімнің әріптесіме, Илья Ильинге беремін» - деді.

Операторы Білім және Ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» Акционерлік Қоғамы болып табылатын  Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шегіндегі қайырымдылық жасау мүмкіндегі туралы біле сала, Илья Ильин бірден  балалар үйі тәрбиеленушісінің атына білім депозитін ашуға ниет білдірді.

Оның таңдауы, бірден тіл табыса кеткен, қалалық балалар үйі тәрбиеленушісі Владимир Мигуновқа түсті. Білім депозитін ашуға керекті құжаттарды толтырып,  депозитке алғашқы жарнаны салғаннан кейін Илья Ильин баламен әрқашан байланыста болатынына сөз берді.

Илья Ильин: «Қолымнан келгенше көмек көрсетіп отырамын, енді мен  шынында да нағыз үлгі болуым  керек. Енді мен сенің болашық біліміңе ғана жауапты емеспін, сонымен қатар өмірдегі дурыс жолды көрсетуге, өзімнің дағдыстарыммен бөлісе отырып, қолымнан келгенше саған көмек көрсетуге тырысамын».

Спортсменнің айтқан сөздеріне риза болған Владимир Мигунов, атақты  ауыр атлетке жақсы оқуына сөз берді.

Енді, Илья Ильин тағы да бір балаға жарқын болашақтың кепілі болатын лайықты білім алуға мүмкіндік берді. Шынында, ол оған әлдеқайда көп нәрсе берді, яғни жақсылыққа деген сенім.

__________________________________________________________________

 

МБЖЖ – бұл жаңа қаржылық құрал, оның арқасында ҚР әрбір азаматының өз мүмкіндігі шегінде қатысушы банкте білім беру жинақтау депозитін ашу, техникалық/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қаражат жинақтау мүмкіндігі бар.

Бұл депозиттің негізгі басымдығы – банк және мемлекеттіксыйақысының есебінен 19-21 % мөлшерінде табыс әкелуінде

Мемлекеттік білім грантын иеленген жағдайда салымшы жиналған қаржыны қалай пайдаланатынын өзі шешеді. Әрі, мемлекеттің сыйлықақысы салымшының өзінде қалады.

Ал қандай да бір жағдайға байланысты салымшы білім беру депозитін шұғыл жабатын болса, салымшы жинақтаған қаражатына қоса банктің пайыздарын да ала алады, бірақ, мемлекеттің сыйлықақысы бюджетке қайтарылады. Яғни, білім беру депозиті 14 пайыз үстемесі бар әдеттегі депозит қатарына өтеді.

Салымды ҚР Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығымен серіктес банктері бар кез келген елді мекенде, банктердің кез келген филиалында ашуға болады.