Новый формат ЕНТ

51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcы өтеді

20 сәуір 2017

Химия пәнінен 51-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстанда басталды!

Олимпиадаға әр мемлекеттен ұлы Д.Менделеевтің ізбасарлары бас қосты, олар: Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия, Грузия,  Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Румыния, Сауд Арабия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Түркия, Моңғолия, Израиль мемлекеттерінен. 

 

Олимпиаданың ашылу рәсімі - 2017 жылы 24 сәуір сағат 16.30-да «Назарбаев Университет» ДББҰ-ың  («Қызғылт сары түс залында») өтеді. Мекен-жайы: Қабанбай Батыр даңғылы, 53 (Тұран көшесі жағынан кіру).                                   

 

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

8 (7172) 29-52-67,

8 701 455 5878,

8 707 247 79 30.

Аккредитация алу үшін жеке куәліктің нөмірі көрсетілген сұранысты, bakyeva_t@mail.ru электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз.