ҰБТ-ның жаңа форматы

«WorldSkills Kazakhstan - 2017» Ұлттық чемпионатының ресми жабылуы

04 мамыр 2017

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» холдингi» КЕАҚ  2017 жылдың 5 мамырында Астанада «WorldSkills Kazakhstan - 2017» Ұлттық чемпионатының ресми жабылу салтанатының өткізілетінін хабарлайды.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов,ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Жұмағазиев Эльдар қатысады.

Бұл  шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру,  кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау  бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта WorldSkills 76 мемлекетте қолдау тауып отыр. Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының  құрамына 2014 жылы 70-ші қатысушы мемлет  болып тіркелді. 

WorldSkills Kazakhstan жобасының мәні – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Ол маман тапшылығын азайтып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық дамуына қосар үлесі зор. Жастардың болашақта жұмыс тауып, отбасын асырай алатын мамандықтарды иеленуі де басты мақсаттардың бірі. Бұл жоба жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт.

Жастардың жұмысшы мамандықтарына деген ынтасының нәтижесін биыл өңірлік чемионаттарда 30 құзіреттілік бойынша (2015 жылы – 7, ал 2016 жылы – 15 мамандық бойынша) сайысқа түскен 4 мыңға жуық қатысушы мен 3 мыңнан астам эксперттің жұмысы дәлел.

Алдымыздағы 2 мен 5-і мамыр күндері аралығында өңірлік жарыстардың жеңімпаздары өзара бақ сынасып, келесі құзіреттіліктер бойынша сайыстарға түсті: мехатроника, инженерлік графика (автоматты жобалаудың жүйесі), дәнекерлеу технологиясы, сантехника және жылыту, электроника, веб-дизайн, электромонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, сылау және декоративті жұмыстар, шаштараз өнері, киім дизайны және үлгілеу, мейрамхана сервисі, суыту және желдету техникаларына қызмет көрсету, желілік және жүйелік басқару, графикалық дизайн, нан пісіру шебері, дәнекерлеу ісі, жүк автокөліктеріне қызмет көрсету, кузовты жөндеу жұмыстары, плиткамен қаптау, сандық бағдарламалы басқаруы бар білдектегі токарь жұмыстары, ағаш шеберінің ісі, ағаш ұстасының ісі, аспаз ісі, ландшафт дизайны, шатыр жұмыстары (презентациялық нұсқада), жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу, визуалды мерчандайзинг және витринистика. Бұл сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен келетін 300-ге жуық қатысушы мен 400-ге жуық сарапшы атсалысады.

Астана қаласы «Көрме» КЗ ағымдағы жылғы  2 мен 5 мамыр аралығында өткен «WorldSkills Kazakhstan-2017» Ұлттық чемпионаты шеңберінде алғаш рет мүмкіндіктері шектеулі Abilympics (Абилимпикс) және есту қабілеті нашар Deafskills оқушылары арасында кәсіби шеберлік бойынша сайыстар өтті.

«Worldskills Казақстан» жобасы биыл үшінші рет жалпыұлттық чемпионат болып өткізілмек. Жарыстың  жеңімпаздары 2017 жылдың  мамыр айында Краснодар қаласында өткізілетін  «Жас мамандар» (WorldSkills Russia) Ұлттық чемпионатына қатысады. Сонымен қатар қазан айында WorldSkills Kazakhstan Ұлттық құрама командасы             Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтетін WorldSkills Competition әлемдік чемпионатына қатысады.

 

Өтетін мерзімі және уақыты: 2017 жылғы 5 мамыр, сағ.20.00

Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік және келісім сарайы (Тәуелсіздік даңғылы, 57).

Аккредиттеу pressa.edu@gmail.com электронды поштасы арқылы, байланыс телефондары 74-24-14.