ҰБТ-ның жаңа форматы

Үздік IT-студенттер анықталды Атырау университетінде «Информатика» пәнінен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті

12 сәуір 2017

2017 жылдың 7 сәуірінде «5В011100-Информатика» мамандығынан мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің IX республикалық олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Олимпиадаға еліміздің түрлі аймақтарынан барлығы 13 команда, Атырау университетінен 2 команда қатысты. Олимпиада ережесі бойынша Атырау университетінің командалары конкурстан тыс қатысты. Олимпиада нәтижесіне сәйкес  ІХ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушыларға төмендегідей жүлделі орындар беріледі:

 

Командалық тур бойынша

бірінші орын - Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинириг университетінің командасы,

екінші орын - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты командасы,

 үшінші орын -Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемелекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті командаларына берілді.

 

Сондай-ақ   Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,  Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің командалары үздіктер қатарынан табылды.

 

Жеке тур бойынша

І орын - Ермек Жантілеуов (Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинириг университеті)

ІІ орын - Ақниет Сарсенбек (Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинириг университеті),  Руслан Смаилов (Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты)

ІІІ орын

- Омар Жумагалиев (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)

- Александр (Поляков Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті)

- Азат Сапарғалиев (Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті)