Новый формат ЕНТ

Ұлт жоспарына сәйкес білім беру жүйесі адами капиталдың сапасын арттыру бойынша міндеттерді орындайды

26 шілде 2017

Бүгін Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағытын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев адами капиталдың сапасын арттыру бойынша жұмыс туралы айтты.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің орындауында Ұлт жоспарының 5 қадамы бар. Олардың әр қайсысы бойынша «жол картасы» әзірленген, онда іске асыру бойынша нақты іс-шаралар жазылған. Осылайша, Ұлт жоспарының 64 қадамын орындау аясында «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерциялау туралы» Заң қабылданды.  

«Ғылымды дамытудың негізгі проблемалары төмен қолданбалы сипаты және нәтижелерді төмен коммерциялау болып табылады. Осы мәселені шешу үшін әрекеттегі жеке заң қабылданды. Енді өтінімдер тапсыру кезеңінде ғалымдарға жобаны бірлесіп қаржыландыру көзін іздеу бойынша талап қойылады. Нәтижесінде, 70-тен астам гранттық жобаның 67-сі бойынша бірлесіп қаржыландыру жүргізілуде», - деді министр.

«ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адами капиталдың сапасын арттыру» 76 қадамы аясында Қазақстанда «0 + 11» сынып қағидаты бойынша 12-жылдық білім беру схемасы енгізіледі. Мектепке дейінгі, нөлдік сынып үшін бірыңғай типтік білім беру бағдарламасы енгізіледі.  

«Нөлдік сынып не үшін қажет? Бірінші сыныпқа балалар 100% дайын болып келулері тиіс. Қазіргі таңда балабақшадан келетін балалардың 85%-ы әріп таниды, оқу біледі. Қалған 15% білмейді», - деді Е. Сағадиев.

Аталған жүйеге көшу 2019 жылға жоспарланған. Сонда бірінші сынып оқушыларының оқулығы «Әліппе» және «Ана тілі» болып бөлінеді. Қазіргі таңда барлық оқулықтар әзірленді. Эксперимент ретінде республикамыздың 150 мектебінде 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап балалар аталған оқулықтар бойынша оқи бастайды.

Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу бойынша жұмыс жүргізілуде, оның мәні функциялық сауаттылықты дамыту болып табылады, онда бала біліп қана қоймай, істей білуі тиіс. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2, 5, 7 сыныптарды, 2018 жылдан бастап – 3, 6, 8, 10 сыныптарды, 2019 жылдан бастап – 4, 9, 11 сыныптарды жаңартылған мазмұнға көшіру жоспарланған.  

Ұлт жоспарының 77 қадамы бойынша 10 басты ЖОО-да ИИДМБ арналған мамандар әзірлеу жүргізілуде. Алғашқы бітірушілер оқуды тәмамдады, 1 817 магистр даярланды, олардың ішінде ИИДМБ кәсіпорындарында 1650 адам еңбекпен қамтылды.  

 


 primeminister.kz веб-сайтынанан 

Фото: primeminister.kz