«Тұран-Астана» университетінде 2017 жылдың 1 наурызында «Қазіргі заманғы қазақ тілі: оқытудың жаңа бағыттары» тақырыбы аясында өткен дөңгелек үстел

13 наурыз 2017

Дөңгелек үстелді «Тұран-Астана»  университетінің ғылыми жұмыстар және  халықаралық байланыстар жөніндегі  проректоры, т.ғ.д., профессор Т.Ә.Толқынбаев  кіріспе  сөз  сөйлеп  ашты.

Дөңгелек үстелге  Астана қаласының жоғары оқу орындарынан белгілі әдіскер-ғалымдары: ф.ғ.д., профессор Шаймерденова Н.Ж. (М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы), ф.ғ.д., профессор Тапанова С.Е. (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ), п.ғ.к., ассистент-профессор Жұматаева З.Н. (Назарбаев университеті), ф.ғ.к., доцент Дүсіпбаева Қ.С. («КАЗГЮУ» университеті), ф.ғ.к. аға оқытушы Жүсіпов А.Е. (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), п.ғ.м., аға ғылыми қызметкер С.С.Жұманова (Ы.Алтынсарин  атындағы ҰБА үштілді білім беру орталығы) және Астана қаласының   мектептері мен колледждерінің   тәжірибелі оқытушылары,  әдіскер-мамандары және магистранттар қатысты.

           Дөңгелек үстелдің модераторы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қарлығаш Қадашқызы  болды.

           Аталған іс-шарада психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Қ.Қадашева  «Қазақ тілін екінші тіл, шет тілі, туыс тіл ретінде оқытудың әдістемесі және оқытудың жаңа бағыттары», ф.ғ.к., доцент Қ.С. Дүсіпбаева «Қазақ тілін мультимедиалы әдіспен оқыту», педагогика ғылымдарының магистрі С.С.Жұманова «Критериалды бағалау жүйесінің әдістері» тақырыбына баяндамалар жасады.

          Шақырылған қонақтардың барлығы, сондай-ақ мектеп мұғалімдері, колледж  оқытушылары қазақ тілін оқытудың тиімділігін арттыруда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері жайлы пікір алмасты.  

          Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша төмендегі ұсыныстар әзірленіп, қабылданды:

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдамасын үнемі басшылыққа алып, мектеп, колледжоқушылары және жоо студенттері арасында мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметі аясын кеңейту;
  • жоғары оқу орындары ғалым-әдіскерлерінің дөңгелек үстелдекөрсеткенақпараттық-коммуникациялық технологияларға  құрылған оқу кешендерін, инновациялық сабақ үлгілерін  сайтқа, әлеуметтік желілерге  тарату арқылы    тілді үйренушілердің  қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру;
  • жоғары оқу орындары әдіскер-ғалымдарының қазақ тілін инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытуға қатысты жаңашыл идеялары мен әдістемесін мектеп, колледж оқытушылары арасындакеңінен таратумақсатындатүрлі әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырып тұру.