ҰБТ-ның жаңа форматы

Су тасқыны аймақтарындағы оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы әуел бастан ҚР БҒМ-нің тұрақты бақылауында

20 сәуір 2017

Осы мәселе БҒМ-нің барлық бөлімшелерінің назарында. 
Министрлік қызметкерлері арасында су тасқынынан зардап шеккен балалары бар отбасыларға көмек жинау ұйымдастырылды, осындай жұмыс «Білім инновация» лицейлерінде де іске асырылуда. Су тасқыны күрделі өңірлердегі жоғары оқу орындарында студенттік еріктілер жасағы жұмыс істеуде – олар
олар гуманитарлық көмек (азық-түлік, киім-кешек, медициналық жабдықтар, гигиеналық заттар) жинаумен айналысады.

Республика бойынша 18 мектеп және 1 балабақша су тасқыны астында қалып отыр – балалар оқуын жалғастыруы үшін олар жақын маңда орналасқан мектептерге бөлінді. 2017 жылғы 19 сәуірдегі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша 115 бала (Қарағанды облысында  - 57, Солтүстік Қазақстан облысында – 58) су тасқыны кезінде оқумен қамтылмаған. Жергілікті атқарушы органдары балаларды жақын маңда орналасқан мектептерге жеткізіп оқытуды, сондай-ақ эвакуациялау орындарында  оқытуды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.

Ақтөбе қаласындағы № 36 мектептің 4-сынып оқушысы Ешімова Махаббат отбасымен бірге № 40 мектептегі эвакуация пунктіне орналастырылған, оқуын да осы мектепте жалғастыруда. Қазіргі уақытта ол мектеп формасымен, оқу құралдарымен және оқулықтармен, рюзак және жаңа киіммен қамтамасыз етілді. Су тасқыны себебінен СҚО, Ғ. Мүсірепов ауданында ТЖ жарияланды. Жолдың жоқтығынан 13 елді мекендегі
58 оқушы білім беру ұйымына: оның ішінде Золотоноша, Брилевка, Чернозубовка селоларынан 24 оқушы Калиновка атындағы мектеп жанындағы интернатқа, Ефимовка, Тоқсан Би, Сарыбулақ, Буденное, Ставрополка, Нежинка селоларынан 19 оқушы Новоишимка атындағы қазақ мектебі жанындағы интернатқа, Стерлитамак селосынан 10 оқушы Возвышенка атындағы мектеп жанындағы интернатқа, Жарқұл және Үлкен Талсай селоларынан 5 оқушы Чистополя қазақ мектебі жанындағы интернатқа жеткізілмеуде. Оқушылардың ата-аналары ТЖ туралы хабардар. Балаларды жеткізу жол жөнделгеннен кейін қалпына келеді. Басқа аудандарда жағдай тұрақты.  Су тасқыны қамтыған елді мекендердің жағдайы және мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру аудандық оқу бөлімі мен облыстық білім басқармасының ұдайы бақылауына алынған.

Қарағанды облысында Абай, Қарқаралы және Бұқаржырау ауданының жекелеген елді мекендерін су басты, осыған орай оқушыларды мектепке тасымалдау нүктелеп тоқтатылды. Қарқаралы ауданында мектеп жасындағы 19 бала тұратын Ақшоқы бөлімшесін су басты. 9 бала уақытша Жарлы ауылындағы туыстарының үйіне орналасып, № 10 орта мектепте білім алуда. Басқа 10 оқушының отбасы көшуден бас тартты. Сондықтан су тасқыны тоқтап, жолдар қалпына келтірілгенге дейін оларды тасымалдау және оқыту мүмкін емес. 

Бұқаржырау ауданы Садовое ауылының тұрғындары толық көшірілді. Осы ауылда тұратын 47 оқушыны тасымалдау жүргізілмейді. Қазіргі уақытта оларды Гагарин ауылындағы мектепте оқытуды ұйымдастыру туралы мәселе шешілуде. Төтенше жағдайдар департаментінің мәліметі бойынша Бұқаржырау мен Қарқаралы аудандарындағы су тасқынының қауіпті кезеңі 20 сәуірге дейін жалғасады. Жағдайдың орнығуы оқушыларды оқу орнына тасымалдауды қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.

Абай ауданындағы жағдай бойынша: су тасқынына байланысты Огороды (12 бала), Изумрудное ауылдарындағы (1 бала), Пруды бөлімшесіндегі (3 бала), Бородиновка ауылындағы (3 бала) оқушыларды мектепке тасымалдау тоқтатылды. Осы оқушылардың отбасылары Самарқа ауылына орналастырылды. Балалар жергілікті орта мектепте білім алуда.

 

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі