ҰБТ-ның жаңа форматы

«Start of stars 2017» республикалық оқушылар олимпиадасы ашылуының салтанатты рәсімі

15 наурыз 2017

2017 жылғы 13 наурызда Естай атындағы мәдениет сарайында жаратылыстану-математика бағытандағы пәндер бойынша «Start of stars 2017» республикалық оқушылар олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Олимпиада қатысушыларына республикалық олимпиадалардың соңғы үш жылғы оқиғасы ұсынылды.

Республика интеллектуалдарына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаев құттықтау сөзін сөйледі.

Физика-математика ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбайұлы Өтелбаев, білім және ғылым министрлігі атынан республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Ақашқызы Қирабаева балаларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Адамның ғылыми ойлау қозғалысын көрсететін лазерлік шоу, өткен жылдар олимпиадалары жеңімпаздарының бейне көріністері мерекелік ортаға ерекше жылулық сыйлады.

Облыстық оқушылар сарайының ұжымы қатысушыларға ерекше музыкалық нөмірлерін тарту етті: «Жас дәурен» вокал тобының орындауындағы олимпиада әнұраны, «Блэйз» эстрадалық би үлгілік студиясының заманауи биі, «Дебют» авторлық вокал студиясының «Павлодар», «Арман-шоу» театр-студиясының «Алға, Қазақстан!» және  «Жить и побеждать!» әндері қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Салтанатты рәсім «Жұлдызды жаңбырмен» аяқталды.