Новый формат ЕНТ

Өңірлерде жеке мектепке дейінгі ұйымдарды ашу туралы ақпарат

28 шілде 2017

Жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылғы 1 шілдедегі шұғыл мәліметтері бойынша республикада 859,7 мың адам контингентіне барлығы 9844, оның ішінде - 7053 мемлекеттік және 2791 жеке мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді. 3-6 лет жастағы балаларды қамту - 85,8% (2015 ж. – 81,6%), өсім – 4,2% құрайды.

2016 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың шілде айы аралығында 43,7 мың орынға негізгі үлесті жеке сектор алатын (92,3% или 447 ед.) 484 мектепке дейінгі ұйым ашылған.

Жеке мектепке дейінгі ұйымдардың ең көп саны Оңтүстік Қазақстан– 110 бірл., Қызылорда – 48 бірл., Алматы – 40 бірл. облыстарында және Алматы қ. – 106 бірл.

Шығындардың орнын толтыру, кірістерді алу және концессионерді мемлекеттік қолдау шаралары, МЖС келісімдерінің жаңа түрлері, МЖС жобаларын дайындау мен іске асыру бойынша ЖАО қажетті өкілеттеліктерді беру сияқты жаңа құралдарды енгізу бірқатар өңірлерде концессиялық жобалардың дамуын қамтамасыз етті:

- Алматы облысы білім басқармасымен Талдықорған, Жамбыл ауданының Қапшағай және Ұзынағаш қалаларында «Білім беру объектілерін салу» концессиялық жобасы бойынша 280 орынға арналған екі мәрте байқау жарияланған (байқау шаралары жүргізілуде).

Сондай-ақ Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасына облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, аудандық әкімшілікке, осы жобаларға жеке секторды тарту мақсатында көмек көрсету туралы хаттар жолданды;

- Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылы Өскемен және Семей қалаларында жалпы сомасы 6731,4 млн.теңгеге «11 балабақша кешінін салу және пайдалануға беру» концессиясымен келісім жасалды.

Осыған байланысты концессионерлердің келісім міндеттерін орындамауынан қазіргі уақытта жаңа концессионерлердің қайта табыстау құқықтары бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Өскемен қаласы Өтепов көшесіндегі №6 балабақша лот бойынша  нысанның концессия келісім шарты бойынша тапсыру құқығы туралы ШҚО білім басқармасы, «Global Construction Technologies» ЖШС, «VK development group» ЖШС арасында үш жақты (бітім) келісім жасалды.

Семей қаласы бойынша «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында тікелей келісім сөздер жүргізу әдісімен 280 орындық Ұшақтар және 320 орындық Қарағайлы тұрғын үй кешендерінде 2 балабақшаның құрылысын салуға келісім жасау жоспарлануда.

- Маңғыстау облыстық білім басқармасы әрқайсысы 140 орындық 3 мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысын салу бойынша Маңғыстау-2, Маңғыстау-3 және Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивтерінде концессиялық жоба бойынша байқау жарияланды. Қазіргі таңда жер телімі бөлініп, сметалық жобалық құжаттар әзірленді.

Мұнайлы ауданы Маңғыстау-2 тұрғын үй массивінде 140 орындық балабақша құрылысын «ХазарМунайГазҚұрылыс» ЖШС-мен концессия бойынша келісім жасады.

- Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавловск қаласында балабақшалардың құрылысын салу және пайдалануға беру» концессиялық жобасын іске асыру аясында СҚО білім басқармасымен және «Егоровские склады» ЖШС-гі арасында 1954,5 млн. теңге сомасында 230 орындық 2 балабақшаның құрылысын салуға келісімге қол қойылды, соның ішінде:

- 90 орындық Жәлел Кизатов 3М/2 көшесінде;

- 140 орындық «Орман» шағын ауданында.

Келісім бойынша жоспарланған нысандарды тапсыру мерзімі – 2017 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары.

Банктің екінші деңгейінің кредиттік желісі ашылмауына байланысты 140 орындық «Береке» шағынауданындағы үшінші балабақша құрылысының келісім шарты бұзылды.