Оқушылардың республикалық олимпиадасының І теориялық туры өтті

15 наурыз 2017

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2017 жылғы 14 наурызда жаратылыстану-математика бағыттағы республикалық олимпиадасының І теориялық туры өткізілді. Олимпиада тапсырмалары республикалық ұйымдастыру комитетімен әзірленген.

Команда жетекшілері Павлодар қаласындағы келесі мамандандырылған мектептерінің жұмыс тәжірибесімен танысу мүмкіндігіне ие болды: дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған № 3 гимназия, № 8 лицей-мектебі, «Жас дарын» мектебі, Абай атындағы № 10 лицей-мектебі.

Мәдени-сауықтыру бағдарламасы шеңберінде оқушылар Ш. Айманов атындағы кинотеатрда фильм көрсету ұйымдастырылды.

Кешкі уақытта олимпиада қатысушылары тұрып жатқан орындарында павлодар мектептерінің психологтары олар үшін психологиялық тренингтер, консультациялар өткізеді.